Меню
Дін

Жалағаш кентінде ресми тіркелген 2 діни бірлестіктер (2 мешіт) бар.
Солардың бірі – "Иманқұл" мешіті. Жалағаш кенті, Абай көшесінде орналасқан. Құрылысы 1907 жылы басталып, 1908 жылы аяқталған. Салдырған Иманқұл Жалмағанбетұлы 1858 жылдың тамыз айында қазіргі Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген. Кейіннен 2021 жылы жанынан Ақсу ауылының тумасы, “Жалағаш ауданының құрметті азаматы” Сағынбаев Ерлан Ізбасқанұлының жеке қаражаты есебінен сыйымдылығы 950 адам болатын мешіт ғимараты салынып, «Иманқұл» мешіті атауы берілді. Кент бойынша көлемі жағынан үлкен ғибадат орны болып есептеледі.
Екінішісі - «Әр-Рахим» мешіті. Жалағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Досымов Қайрат Алмасұлының жеке қаражаты есебінен Жалағаш кенті, Ұлы жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойынан сыйымдылығы 120 адамға арналған мешіт ғимараты салынып, «Әр-Рахим» атауымен 2023 жылдың 5 қарашасында пайдалануға берілді.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Социальные медиа
Меню подвал