Бруцеллез ауруына қарсы жүргізілген жұмыстар. Бруцеллез ауруына қарсы 57,9 мың бас МІҚ, 112,4 мың бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 16 бас МІҚ, 2 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, санитарлық сойылды.
Жүргізілген алдын ала егу, диагностикалық тексеру жұмыстары компьютерлік дерекқор базасына енгізілуде.
Бірдейлендіру. Қазіргі күні, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру маңызды іс-шаралардың бірі. Бекітілген жоспарға сәйкес, жыл басынан 18,8 мың бас МІҚ, 24,8 мың бас уақ мал, 3,6 мың бас жылқы, 264 бас түйе, 110 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді. Қазіргі күні, веб-порталдық базада 342,7 мың бас МІҚ, 663,5 мың бас уақ мал, 47,8 мың бас түйе, 147,5 мың бас жылқы, 2,5 мың бас шошқа тіркелген.
Мемлекеттік қызмет көрсету. Ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша рәсімделуде. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлығы 13551 дана (1-үлгі 10121, 2-үлгі 3419, 3-үлгі 11) ветеринариялық анықтамалар берілді.