«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР 16.05.2014 жылғы № 202-V «Рұқсаттар мен хабарламалар» және 10.07.2002 жылғы «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес көрсетіледі.
«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ 30.01.2015 жылғы №7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ 21.05.2015 жылғы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерде ҚР АШМ 06.05.2015 жылғы №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы және облыс әкімінің 02.10.2015 жылғы №181 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің талаптары басшылыққа алынады.