ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда облысының ветеринария басқармасы, «Қызылорда облысының ветеринария басқармасының «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекеменің атауы: «Қызылорда облысының ветеринария басқармасының «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Құрылтайшы және мемлекеттік басқару органының алдында кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайы үшін жеке дара жауап береді.
Кәсіпорынды басқаруда жеке дара басшылық жасау принциптері бойынша іс-қимыл жасайды және кәсіпорынның барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдары мен кәсіпорынның Жарғысына сәйкес дербес жүргізеді.
Кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды,барлық органдарда оның мүддесін білдіреді. Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген шектерде кәсіпорынның мүлкіне өкімдік етеді, шарттар жасайды, сенімхат береді, банкілік есеп шоттарын ашады және өзгеде мәліметтер жасайды, кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқаулар береді.
Кәсіпорынның жұмысына жалпы басшылық жасайды.
Кәсіпорын мамандарының жұмысын басқару, оларға бұйрықтар, нұсқаулар беру, жалпы жұмысын бақылау. Басқарманың алқа мәжілісіне қажетті құжаттар әзірлеу, аудан бойынша ветеринария саласына байланысты жұмыстарды үйлестіру. Облыстық ветеринария басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізу.
Кәсіпорын мамандарының жұмысын бақылау.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары ветеринариялық, бизнес және басқару, құқық, әлеуметтік ғылымдар, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Білуі тиіс:
|
1. |
Қазақстан Республикасының Конституциясы; |
|
2. |
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; |
|
3. |
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы кодексі; |
|
4. |
«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі (Салық кодексі); |
|
5. |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы; |
|
6. |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы; |
|
7. |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; |
|
8. |
«Ветеринария туралы» ҚР Заңы; |
|
9. |
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы; |
|
10. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығы. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларды бекіту туралы; |
|
11. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығы. Ауыл шаруашылығы жануарлардың бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы; |
|
12. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №7-1/394 бұйрығы. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы; |
|
13. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығы. Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы. |
|
14. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығы. Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы. |
|
15. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы. |
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Анықтама үшін телефоны: 8(7242) 40-11-91 (вн 7275).
Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.
Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кестесі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және тізілімнің веб-порталында және Қызылорда облысының ветеринария басқармасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілінде Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін орналастырылады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Қызылорда облысының ветеринария
басқармасының конкурстық комиссиясы