GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 мая 2026
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды:

2026 жылғы 19 мамырдан бастап Қармақшы ауданындағы облыстық маңызы бар KN-1 «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 шақырымында орналасқан темір жол үсті көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Осыған байланысты, аталған жол учаскесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін уақытша жабылады.

🚧 Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

14 мая 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ КҮНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылдың 22 мамыр айында сағат 16:00 өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. ‎

14 мая 2026
Заңсыз жолаушы тасымалдаушылар
Жыл басынан бері заңсыз жолаушылар тасымалын анықтау және оның жолын кесу, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағындағы стихиялық орындарда («Салтанат» автовокзалы, «Small» сауда орталығы, теміржол вокзалы маңы, Бірқазан бекетініің маңы) «Заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға» қатысты рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Іс-шара Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қала әкімдігі, көліктік прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен түрде ұйымдастырылуда.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады
14 мая 2026
№6843/6844 «Қызылорда-Түркістан» жолаушылар пойызы 2017 жылдың 1 шілдесі күнінен бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымал» Филиалы аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін бір вагонды №6843/6844 «Қызылорда-Түркістан» жолаушылар пойызы 2017 жылдың 1 шілдесі күнінен бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. Вагонда жолаушыларға арналған 81 орын саны қарастырылған. Сондай-ақ, бұл пойызда жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін салқындатқыш (кондиционер), мұздатқыш (холодильник), микро толқынды пешпен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы арбамен қамтамасыз етілген. Аталған пойыз Қызылорда облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды.

27 апреля 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  КММ де және «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ-да “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес 2026 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және auto@vmail.kz электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-54-80 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

12 августа 2025
Заңды тұлғадан өтінішті қалай беруге болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.

Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, "Нәтиже" бөліміне жүгінуге болады.

 

Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:

  1. https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту;
  2. Сервисте авторлану:
  3. Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі - Арыз);
  4. Қажетті мемлекеттік органның атауын енгізіңіз;
  5. Өтініш мәнін сипаттау;
  6. Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді);
  7. Нақты тұратын мекен-жайын көрсету;
  8. ЭЦҚ арқылы қол қою және жіберу;
  9. Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға сенімді жолмен!
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі

№

Сұрақ

Жауап

 

 

 

 1

«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?

«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: 

1. eGov/eGovmobile сайты; 

2. Aitu мобильді қолданбасы; 

3. Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.

2

«e-Otinish» жүйесінен өзіңізге қажетті өңірдің әкімдігін тапқыңыз келе ме?

Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті:

1. Өтініш беру терезесін ашыңыз.

 2. Меморганды іздеу өрісіне "әкімінің аппараты" тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, "Алматы әкімінің аппараты").

3. Іздеу түймешігін басыңыз.

Одан әрі ұсынылған нұсқалар тізімі түріндегі іздеу нәтижелерін көресіз.

Қажетті әкімдікті тауып, жүгінуіңіз сәтті өтсін!

3

Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?

ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады

4

Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1) https://eotinish.kz  сайтында авторизациядан өту;

2) «Менің өтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;

3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;

4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;

5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.    

 

5

Өтініштерді қарау мерзімі қандай?

ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.

Өтініштерді қарау мерзімі:

- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;

- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.

Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.

 

6

Өтінішті бақылауда ұстау?

«e-Otinish»  ашықтық пен адалдықты қолдайды!

Өтініш бергеннен кейін сіз оның қаралу барысын жеке кабинетте төмендегі мәртебелер арқылы қадағалай аласыз:

1 - Тіркелмеді (Техникалық қатеге байланысты өтінішті қайта жіберу талап етіледі)

2 - Тіркелді (Өтініш жүйеде сақтаулы және қажетті мемлекеттік органға жіберілді. Осы сәттен бастап жауап берудің 15 жұмыс күндік есебі басталады)

3 - Орындалуда (Өтініш бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр)

4 - Орындалды (Өтініш бойынша жауап берілді)

Өтінішіңіздің мәртебесін міндетті түрде тексеріп отырыңыз! Егер өтініш интернеттің тұрақсыздығына немесе аудио/видео файлдардың қамтылуына байланысты тіркелмеген болса, бұл өте маңызды.

7

“Тіркелмеді“. Жүйедегі қате ме?

Егер сізге “Тіркелмеген“ мәртебесі шықса, демек төмендегілерді тексеріңіз:

1. Салынған файлдар саны 10 бірліктен аспайтынын;

2. Салынған файлдардың жиынтық мөлшері 80 мб-дан аспайтынын;

3. Қоса берілген файлдарда бейне және аудио материалдардың жоқтығын;

4. Жеке кабинетте телефон нөмірі дұрыс көрсетілгенін (қалалық нөмірлерді көрсетуге болмайды).

Егер осы тармақтардың бірін тапсаңыз, оны түзеп, өтінішті қайта беруді ұсынамыз.

8

«93-бап бойынша толықтыру» дегеніміз не?

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 93-бабына сәйкес, жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген “Шағым“ типті жолданымда, хаттамада төмендегілер көрсетіледі:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда);

2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) жолданымның мәні;

4) жолданымның берілген күні;

5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, төлемді растайтын құжатты ұсынуыңыз керек.

Шағым беру кезінде ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз.

 

Автомобиль жолдары
29 июля 2025
Жаңа жол құрылысы бақылауда

Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін кеңейтіліп, қайта жаңғыртудан өткен болатын. Осы ауқымды жобаның жалғасы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының келесі кезеңі ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықта жаңа жол құрылысы жүргізілуде.  Жоба аясында Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгетін нығайту, 4 жолақты автомобиль жолының құрылысы мен ені 3 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.

Сенаторлар жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жауапты өкілдерге сапа мен мерзімді қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

Автомобиль жолдары
29 июля 2025
Жанқожа батыр көшесінен теміржол арқылы өтетін жерасты өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Жанқожа батыр көшесі арқылы өткел салудағы мақсат – теміржолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарын  қаланың орталығымен көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтай отырып байланыстыру.

Ауқымды жобаның құрылысын "СМК Аманат" мердігер мекемесі жүргізуде.

Ауқымды жоба құрылысы үш ай бұрын басталды. Қазір мердігер мекеме осы аумақтан өтетін коммуникация желілерін ауыстырып, негізгі жұмысқа кірісуде.

Социальные сети
facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы