Меню

Страницы

Статья

2022 жылы автомобиль жолдары желісін дамытуда атқарылған жұмыстар бойынша АНЫҚТАМА

2022 жылдың I тоқсанында жол желісін дамытуда атқарылған жұмыстар

 

Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3420 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1848,7 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.

2022 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 12 672,7 млн. теңге бөлінді. Осы қаражатқа ұзындығы 259 км құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарлануда.

2022 жылдың  І тоқсанымен игерілген қаржы: 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша барлығы – 10 292,0 млн. теңге бөлінді (РБ-3 718,461 млн. теңге ОБ- 6 573,583 млн. теңге). Игерілгені – 893 802,3 млн. теңге.

1) Қазалы ауданындағы ауданық маңызы бар «Әйтеке би – Қазалы» автомобиль жолын реконструкциялауға 723 185,0 млн. теңге бөлініп, 210 228,1 млн. теңгесі игерілді.

2) Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Жеміс жидек» жолының 14км-дегі апаттық жағдайдағы көпірге күрделі жөндеуге 100 000,0 млн. теңге бөлініп, 94 371,3 млн. теңгесі игерілді.

3) Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже» жолының 0 км-дегі апаттық жағдайдағы көпірге күрделі жөндеуге 98 688,0 млн. теңге бөлініп,  толық игерілді.

Облыстық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолына (0-30 км) 638 014,0 млн. теңге бөлініп,  210 407,3 млн. теңгесі игерілді.

___________________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың 6 айында жол желісін дамытуда атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420,3 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1848,7 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

2022 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы  18,4 млрд. теңге (РБ-7,5 млрд. теңге, ОБ-10,9 млрд. теңге) бөлінді. Осы қаражатқа ұзындығы 348 км құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарлануда.

2022 жылдың 6 айынының қорытындысымен 6 363,5 млн. теңге игерілді.

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша барлығы – 13 271,9 млн. теңге бөлініп (РБ-5 888,023 млн. теңге, ОБ- 7 383,928 млн. теңге) 244 км жол жөнделу жоспарланып, бүгінгі күні 104 км жол салынды. Игерілгені – 5 520,2 млн. теңге.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі (оң жағалау) 4 км құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді,                     99,0 млн. теңге игерілді..
  3. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 69,381 млн. теңге бөлінді.

  Оның ішінде:

  • Арал қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 1,432 млн. теңге;
  • Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 67,949 млн. теңге.
  1. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 14 жобаға 1 594,670 млн. теңге (47 км) бөлінді. Игерілгені – 252,8 млн. теңге.

Оның ішінде:

- Арал ауданы -  105,377 млн. теңге;

- Жалағаш ауданы - 351,376 млн. теңге, игерілгені – 71,8 млн. теңге;

- Сырдария ауданы - 712,665 млн. теңге, игерілгені – 93,2 млн. теңге;

- Шиелі ауданы - 425,252 млн. теңге, игерілгені – 87,8 млн. теңге.

  1. Облыстық бюджеттен – 3 345,963 млн. теңге (50 км) көлемінде қаражат бөлінді. Игерілгені – 491,5 млн. теңге.

Оның ішінде:

  • Қызылорда қаласы 18 жоба барлығы 2 547,331 млн. теңге 27 км;
  • Қазалы ауданы Әйтеке би кенті 1 жоба барлығы 33,826 млн. теңге 3,7 км;
  • Қармақшы ауданы 10 жоба барлығы 66,736 млн. теңге 6 км;
  • Жалағаш ауданы 4 жоба барлығы 100,435 млн. теңге 3 км;
  • Сырдария ауданы 7 жоба барлығы 226,284 млн. теңге 10 км;
  • Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға 371,351 млн. теңге.

           Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін 82%-ға жеткізу жоспарланған. 

«Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолына (30-60 км) 635 688,0 млн. теңге бөлініп,  125 946,5 млн. теңгесі игерілді.

«Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолына (60-90,52 км) 775 758,0 млн. теңге бөлініп,  154 161,1млн. теңгесі игерілді.

  1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 99 042,0 млн. теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі (оң жағалау) 4 км құрайтын магистралды көшенің құрылысын аяқтауға – облыстық бюджеттен 99 042,0 млн. теңге;
  2. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 64 597,0 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда:

        Арал қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 1 432,0 млн. теңге;

        Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 63 165,0 млн. теңге.

  1. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 14 жобаға 1 594,6 млн. теңге бөлінді.

2022 жылғы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін жоспарлы  82%-ға жеткізу межеленген.

___________________________________________________________________________________________________________

2022 жылдың III тоқсанында жол желісін дамытуда атқарылған жұмыстар

 

Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420,3 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1848,7 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

2022 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы  18,8 млрд. теңге (РБ-7,5 млрд. теңге, ОБ-11,3 млрд. теңге) бөлінді. Осы қаражатқа ұзындығы 372 км құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарлануда.

2022 жылдың 9 айынының қорытындысымен 13 904,4 млн. теңге игерілді.

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша барлығы – 13 089,0 млн. теңге бөлініп (РБ-5 873,3 млн. теңге, ОБ-7 215,8 млн. теңге) 264 км жол жөнделу жоспарланып, бүгінгі күні 188 км жол салынды. Игерілгені – 10 096,3 млн. теңге.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі (оң жағалау) 4 км құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді,                     99,0 млн. теңге игерілді.
  3. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 69,381 млн. теңге бөлінді.

  Оның ішінде:

  • Арал қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 1,432 млн. теңге;
  • Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 67,949 млн. теңге.
  1. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 14 жобаға 1 594,670 млн. теңге (47 км) бөлінді. Игерілгені – 1 437,5 млн. теңге.

Оның ішінде:

- Арал ауданы -  105,3 млн. теңге, игерілгені – 105,3 млн. теңге;

- Жалағаш ауданы - 351,3 млн. теңге, игерілгені – 341,6 млн. теңге;

- Сырдария ауданы - 712,6 млн. теңге, игерілгені – 565,2 млн. теңге;

- Шиелі ауданы - 425,2 млн. теңге, игерілгені – 425,2 млн. теңге.

  1. Облыстық бюджеттен – 3 953,4 млн. теңге (63 км) көлемінде қаражат бөлінді. Игерілгені – 1 950,5 млн. теңге.

Оның ішінде:

  • Қызылорда қаласы 40 жоба барлығы 3 117,8 млн. теңге 39 км;
  • Қазалы ауданы Әйтеке би кенті 1 жоба барлығы 33,826 млн. теңге 3,7 км;
  • Қармақшы ауданы 10 жоба барлығы 54,693 млн. теңге 6 км;
  • Жалағаш ауданы 4 жоба барлығы 100,435 млн. теңге 3 км;
  • Сырдария ауданы 7 жоба барлығы 226,284 млн. теңге 10 км;
  • Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 49,0 млн. теңге;
  • Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға 371,351 млн. теңге.

           Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін жыл соңына дейін 82%-ға жеткізу жоспарланған.

______________________________________________________________________________________________

2022 жылдың IV тоқсанында жол желісін дамытуда атқарылған жұмыстар


Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420,3 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1848,7 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2022 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 17,6 млрд. теңге бөлінді (РБ – 7,6 млрд. тг, ОБ –9,9 млрд. тг), ұзындығы 368 км құрайтын автомобиль жолдары, көпір өткелдері және көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың 12 айында 352 км автомобиль жолдары мен көшелер жөндеуден өткізілді, жоспарланған 17,6 млрд.теңге игерілді.
1. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында барлығы 12 030,5 млн. теңге бөлініп, (республикалық бюджеттен 5 888,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 6 142,5 млн. теңге) ұзындығы 248 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.
2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 299, 042 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.
- Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі (оң жағалау) 4 км құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, 99,0 млн. теңге игерілді.
- Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің №1,2,3 аймақтарына қиыршық тас салуға – 200,0 млн. теңге игерілді.
3. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 1,432 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- Арал қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға – 1,432 млн. теңге;
4. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 14 жобаға барлығы 1 611,3 млн. теңге қаржы бөлініп, (РБ - 1 539,204 млн. теңге, ОБ - 72,290 млн. теңге) (44 км) – 1 611,3 млн. теңгесі игерілді.
Оның ішінде:
- Арал ауданы - 157,4 млн. теңге, игерілгені – 157,4 млн. теңге;
- Жалағаш ауданы – 343,1 млн. теңге, игерілгені – 343,1 млн. теңге;
- Сырдария ауданы – 753,5 млн. теңге, игерілгені – 753,3 млн. теңге;
- Шиелі ауданы – 357,4 млн. теңге, игерілгені – 357,4 млн. теңге.
5. Облыстық бюджеттен – 3 659,7 млн. теңге (61 км) көлемінде қаражат бөлінді. Игерілгені – 3 640,2 млн. теңге.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін жыл соңына дейін 82%-ға жеткізілді.

 

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы