Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылдың I тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет
Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2022 жылы I тоқсанына 1 303 784,4 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 1 301 706,5 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалған. Оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 24 841,7 мың теңге бөлініп, 24 533,3 мың теңге игерілген немесе 98,7 пайыз;
002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 211 997,7 мың теңге бөлініп, 210 228,1 мың теңге игерілген немесе 99,1 пайыз;
003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 50 274,4 мың теңге бөлініп, 50 274,4 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 274 629,6 мың теңге бөлініп, 274 629,6 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 46 842,0 мың теңге бөлініп, 46 842,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 70 509,0 мың теңге бөлініп 70 509,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
028 «Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 531 190,0 мың теңге бөлініп, 531 190,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
114 «Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 93 500,0 мың теңге бөлініп, 93 500,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;