Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Жолаушы тасымалы бойынша 2022 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Әуе көлігі саласы.

Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы  20 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 8, Алматыға – 10 рейс және Қарағандыға – 2 рейс.

2022 жылдың 3 айында 24,3 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9 %-ға төмендеген (32,1 жолаушы).

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылдың 26 қазанында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға облыс әкімдігі, «Қорқыт ата әуежайы» АҚ және «Болат Өтемұратов қоры» қол қойды. Меморандум бойынша Қор жобаны толық қаржыландыратын болады.

Әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

Іске асыру мерзімі 2022 – 2024 жж.

____________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2022 жылдың ІI тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

 

 Әуе көлігі саласы.

Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы 22 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 10 рейс және Қарағандыға – 2 рейс.

2022 жылдың І-жартыжылдығы бойынша 57,0 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,9 %-ға төмендеген (69,5 жолаушы).

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылдың 24 желтоқсанында жеке инвестордың Болат Өтемұратовтың қорымен (бұдан әрі - Қор) жаңадан терминал салуға «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежай терминалы құрылысының» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша келісімшартқа қол қойылды. Жобаны қаржыландыру Қордың есебінен жүзеге  асырылады, оның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпан айында басталуы жоспарлануда.

Әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

 Іске асыру мерзімі 2022 – 2024 жж.

_______________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2022 жылдың ІII тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 21 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 9, Қарағанды қ. - 2 рейс.

Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Южное небо» әуе компанияларымен орындалады.

2022 жылдың 5 ай бойынша бойынша Әуежайдан 94,0 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (103,5 мың жолаушы) 10,1 % төмен болып отыр.

 

2021 жылғы 26 қазанда Жоба бойынша облыс әкімдігі және Қор ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге, Жобаны іске асырудың базалық құрылымы мен мехнизмдері айқындалып, 2021 жылдың 24 желтоқсанында тараптармен арнайы Келісім жасалынды.

Келісімге сәйкес, жаңа терминал ғимаратының құрылысы Қор тарапынан қаржыландырылады. Ал, облыс әкімдігі өз кезегінде Әуежай сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС салу) және аумағын абаттандыру (автотұрақтар салу, көгалдандыру және т.б.) жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда, Қор өкілдерімен терминал құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде және а.ж. қараша айында мемлекеттік сараптамаға енгізу жоспарлануда.        

Терминалдың құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың ақпан айында басталуы жоспарлануда.

Жобаның құны: шамамен 25 млн. АҚШ долларын құрайды.

Іске асыру мерзімі: 2023 – 2025 жж.

Қазіргі таңда жұмыс жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалына қажетті инженерлік инфрақұрылымдар (су жүйесі, электр, телефон желілері, жылу қазандығы) мен абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын үшін жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары толық аяқталып, жоба әзірлеуге тиісті құжаттары жобалаушыға ұсынылды.

Жолаушы тасымалы бойынша 2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 21 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 12, Алматыға – 9 рейс.

Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен орындалады.

2022 жылдың 12 айы бойынша бойынша Әуежайдан 129,1 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (137,2 мың жолаушы) 6,3 % төмен болып отыр.

 

2021 жылғы 26 қазанда Жоба бойынша облыс әкімдігі және Қор ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге, Жобаны іске асырудың базалық құрылымы мен мехнизмдері айқындалып, 2021 жылдың 24 желтоқсанында тараптармен арнайы Келісім жасалынды.

Келісімге сәйкес, жаңа терминал ғимаратының құрылысы Қор тарапынан қаржыландырылады. Ал, облыс әкімдігі өз кезегінде Әуежай сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС салу) және аумағын абаттандыру (автотұрақтар салу, көгалдандыру және т.б.) жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда, Қор өкілдерімен терминал құрылысының жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.        

Терминалдың құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың ақпан айында басталуы жоспарлануда.

Жобаның құны: шамамен 25 млн. АҚШ долларын құрайды.

Іске асыру мерзімі: 2023 – 2025 жж.

 

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы