Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2021 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:
министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығына сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттікқызметі;
3) ҚазақстанРеспубликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №371 бұйрығына сәйкес «Сыртқы (көрнекі) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметі. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі - «электрондықүкіметтің» www.egov.kz веб-порталы порталы арқылы жүзеге асырылады.
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қаламаңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттікқызметі.
2021 жыл бойынша Басқармамен «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер түскен жоқ.
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қаламаңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы 34 қызмет және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 16 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.