Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2021 жылдың IV тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2021 жылдың 4 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.
Басқарма басшысының бұйрығымен 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Cонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевпен бекітілген «Қазақстан Республикасының «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар» жоспарының 5-тармағын орындау бағытында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 сұрағы бойынша қызметкерден тестілеу жүргізілді.
Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді. Қызметшілердің жұмыс уақытындағы бөгде адамдармен ретсіз қарым-қатынаста болмау үшін келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібі белгіленіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сәйкес 2019-2020 жылдар аралығындағы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметіне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері жөніндегі комиссия отырысында басқарма басшысы М. Тлеумбетов жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасалды.
Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында әлеуметтік желіде Antikor News арнасында жарияланған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат WhatsApp әлеуметтік желісінде құрылған топтар арқылы басқарма қызметкерлеріне үнемі жіберіледі.
«Сапалы жол» жобасы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК РМК арасында облыстық автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама қызметтері үшін шарт жасалды.
Сонымен қатар, іс шара жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың әр тоқсанында "Антикор" орталығында "Facebook" желісі арқылы тікелей эфир өткізілді, онда атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы түсініктемелер беріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.
9 айдың қортындысымен Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жасалып, нәтижесін облыс әкімі аппаратына жолданып және Басқарманың веб-порталына орналастырылды.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.