Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылдың III тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет
Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2021 жылы III тоқсанына 13 123 295,3 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 13 050 849,1 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 99,4 пайызға орындалған. Оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 67640,9 мың теңге бөлініп, 67590,4 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 010 596.4 мың теңге бөлініп, 2 938 366,3мың теңге игерілген немесе 97,6 пайыз;
003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 282 767,5 мың теңге бөлініп, 282 767,5 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 324 393,7 мың теңге бөлініп, 324 393,5 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 97 597,4 мың теңге бөлініп, 97 432,3 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 816 799,8 мың теңге бөлініп 3 816 799,8 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
028 «Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 919 519,9 мың теңге бөлініп, 1 919 519,6 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
051 «Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 30 815,3 мың теңге бөлініп, 30 815,3 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлкеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37 635,0 мың теңге бөлініп, 37 635,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
114 «Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 535 529,4 мың теңге бөлініп, 3 535 529,4 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;