Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша көрсетілген
мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №371 бұйрығына сәйкес «Сыртқы (көрнекі) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы порталы арқылы жүзеге асырылады.
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі.
2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша Басқармамен «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы берілді.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» және «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер түскен жоқ.
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Басқармада қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында стенд орнатылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.