Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың І тоқсаны бойынша Қызылорда облысында жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметін көрсетуші қоғамдық көлік бойынша аналитикалық анықтамасы

2021 жылдың І тоқсаны бойынша Қызылорда облысында жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметін көрсетуші қоғамдық көлік бойынша аналитикалық анықтама

 

І. Автомобиль көлігі

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық  13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша осы маршруттарда болжаммен                13,0 млн. жолаушы тасымалданып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,7 пайызды құрап отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 164,7 млн. жкм. құрап, 2020 жылмен салыстырғанда                             10,3 пайызды құрап отыр. 2021 жылдың І тоқсаны бойынша болжаммен            18,7 млн. тонна жүк тасымалданып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрап отыр. Ал жүк айналымы болжаммен                 3210,21 млн. ткм. құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 104,0 пайызды құрап отыр.

         Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. Әлеуметтік мәні бар ауданаралық маршруттар бойынша 2021 жылдың І тоқсанында 2,4 млн. теңге демеуқаржы (жалпы демеуқаржы соммасы -                    17,7 млн.теңге) игерілді.

         ІІ. Әуе көлігі саласы

Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы 28 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына –10, Алматыға – 13, Атырау – 3 рейс, Ақтау - 2.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша 32,1 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 233%-ға өсіп отыр.

 

ІІІ. Темір жол көлігі саласы.

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды және 8 вокзал (Қызылорда, Шиелі,  Жаңақорған, Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам) бар. 

Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 10 жұп жолаушылар пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан 5 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей», № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №117/118 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан-Павлодар» және №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойыздары ұйымдастырылған.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық» ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы бойынша 45,2 млн. теңге демеуқаржы (жалпы демеуқаржы соммасы-164,9 млн. теңге) игерілді.

 

Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы