Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2021 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.
Басқарма басшысының бұйрығымен 2021 жылға арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Cонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевпен бекітілген «Қазақстан Республикасының «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар» жоспарының 5-тармағын орындау бағытында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 сұрағы бойынша қызметкерден тестілеу жүргізілді.
Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді. Қызметшілердің жұмыс уақытындағы бөгде адамдармен ретсіз қарым-қатынаста болмау үшін келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібі белгіленіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.