Меню

Страницы

Статья

2021 жылы автомобиль жолдары желісін дамытуда атқарылған жұмыстар бойынша АНЫҚТАМА

2021 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың

 I тоқсанына атқарылған жұмыстары бойынша

АНЫҚТАМА

 

 Автомобиль жолдары

Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3397 шақырымды құрайды. Оның 1016 шақырымы республикалық, 2381 шақырымы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.

2021 жылғы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін 75%-ға жеткізу жоспарланған. (2020 г. - 70%).

Осы индикаторлық көрсеткішке жету мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 14 803,2 млн. теңге бөлінді (РБ - 5 786 млн.тг,   ОБ - 9 017,2 млн. тг).

Осы қаражатқа ұзындығы 260 км құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізуге мүмкіндік береді.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 787,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 7 025,5 млн. теңге барлығы 8 812,5 млн. теңге бөлінді. Оған ұзындығы 216 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 795,6 млн. теңге бөлініп отыр. (7,2 км)

"Ауыл ел - бесігі" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 9 жобаға 852,4 млн. теңге бөлінді. 29 көше жалпы ұзындығы 21,9 шақырым (Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарының елді мекен көшелері).

"Кіші қалаларды дамыту" бағдарламасы аясында 1 350,9 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда:

Арал қаласының 7 көшесін салуға және қайта жаңғыртуға - 682,2 млн. теңге;

Қазалы қаласының көшелерін қайта жаңғыртуға - 668,7 млн. теңге.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, елді мекендердің көшелері мен көпір өткелдерін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1991,8 млн.теңге бөлінді.


2021 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың

 II тоқсанына атқарылған жұмыстары бойынша

АНЫҚТАМА

Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3 397 шақырымды құрайды. Оның, 1016 шақырымы республикалық, 557 шақырымы  облыстық және 1824 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп (РБ-10,8 млрд тг; ОБ-9,2 млрд тг) ұзындығы 355 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жалпы ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 10,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. 

Анықтама ретінде:  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында - 4,6 млрд тг; 2."Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында - 1,8 млрд тг;         3."Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында - 2,6 млрд тг; 4. "Кіші қалаларды дамыту " бағдарламасы бойынша - 1,8 млрд тг.

2021 жылдың 6 (алты ай) айының қорытындысымен 6,6 млрд теңге игеріліп, 50 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.

Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 71,4% құрады (жоспар 75%).

 

 

2021 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың

 III тоқсанына атқарылған жұмыстары бойынша

АНЫҚТАМА

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 20,0 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп (РБ-10,8 млрд тг; ОБ-9,2 млрд тг) ұзындығы 355 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізілуде.

2021 жылдың 9 айының қорытындысымен 12,966 млрд. теңге (65%) игеріліп, 160 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер жөндеуден өткізілді.

 

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында барлығы 11 617,106 млн. теңге бөлініп (РБ 4 539,771 млн. тг., ОБ 7 077,335 млн. тг.), ұзындығы 250 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 795,7 млн. теңге бөлініп, Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігін дамыту мақсатында үш жоба жүзеге асырылуда.

Мәлімет ретінде атап айтатын болсақ:

1) Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі (оң жағалау) ұзындығы 4,6 км құрайтын магистралды көшенің құрылысын аяқтауға РБ - 294,1 млн. теңге бөлінді. Аяқтауға ОБ – 99,022 млн. теңге қажет.

2) Қызылорда қаласының сол жағалауындағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай салынатын (УАД салған жолдан бастау алатын) С. Бейбарыс көпіріне дейінгі магистралды көше (2.3км) құрылысына РБ - 1 145,5 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық аяқтауға ОБ-9,6 млн. теңге қажет, 10%.

3) Қызылорда қаласындағы (Эдельвейс) саяжай ауданының солжағалау бөлігінде магистралды көше құрылысына (аэропортқа баратын жолға қосу, 1,1 км) РБ – 356,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

  1. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен - 2 690,14 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 78,5 шақырымнан астам елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  2. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 1 867,732 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мәлімет ретінде атап айтқанда:

Арал қаласының ұзындығы 8,8 км құрайтын 8 көшені салуға және қайта жаңғыртуға барлығы 1 266,595 млн. теңге  бөлінді.

Қазалы қаласының ұзындығы 8,2 км 10 көшесін қайта жаңғыртуға барлығы 601,137 млн. теңге бөлінді

Облыстық бюджеттен – 2 029,322 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысын аяқтауға - 1 493,0 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар Жаңақорған ауданының Қожакент (50,8), Манап (43,0) ауылдарының көшелерін жөндеуге - 94,0 млн. теңге (6,3км) және ЖСҚ мен жолдардың техникалық құжаттарын әзірлеуге - 60,6 млн. теңге бөлінді.

Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарына (557км) ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына - 353,7 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 73% құрады (жоспар 75%).

_________________________________________________________________________________________________________

2021 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың

 IV тоқсанына атқарылған жұмыстары бойынша

АНЫҚТАМА

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 17,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп (РБ-10,6 млрд тг; ОБ-7,3 млрд тг) ұзындығы                     309 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізілді.

2021 жылдың 12 айының қорытындысымен 17,9 млрд. теңге (100%) игеріліп, 309 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер жөндеуден өткізілді.

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында барлығы 9 312,5млн. теңге бөлініп (РБ 4 340,0 млн. тг., ОБ 5 528,5 млн. тг.), ұзындығы 195 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.
  2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 812,2 млн. теңге бөлініп, Қызылорда қаласында 3 жоба жүзеге асырылуда. Оның 2-уі пайдалануға берілді.
  3. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша барлығы - 2 816,0 млн. теңге бөлініп (РБ-2 604,6 млн. тг, АБ-211,3 млн. тг) ұзындығы 78,5 шақырымды құрайтын елді мекендер көшелері жөндеуден өткізілді.
  4. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Арал және Қазалы қалаларының 20 көшесін реконструкциялауға 1 859,5 млн. теңге бөлінді.

          

  1. Облыстық бюджеттен – 2 084,7 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысын аяқтауға - 1 440,5 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар Жаңақорған ауданының Қожакент (35,7), Манап (30,2) ауылдарының көшелерін жөндеуге - 94,0 млн. теңге (6,3км) және ЖСҚ мен жолдардың техникалық құжаттарын әзірлеуге - 60,6 млн. теңге бөлінді.

Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарына (557км) ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына - 353,7 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 75% құрады.

 

Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы