Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Әуе көлігі саласы

 

Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы   28 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына –10, Алматыға – 13, Атырау – 3 рейс, Ақтау - 2.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша 32,1 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 233%-ға өсіп отыр.

Әуежай ғимаратына кірер кезінде әрбір жолаушының дене қызуын өлшеуге арналған  «Тепловизормен» (бейне бақылау режиміндегі) жабдықталған және қосымша термометрия құрылғылары да бар.

Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, әуе кемесінің, автобустар мен шағын автобустардың салондары, автомобиль траптары арнайы дезинфекциялық құралымен өңделеді.

Әуежай кешенінде коронавирустық инфекцияның белгілері мен сақтық шаралары туралы ақпараттандырылған парақшалар (қазақ және орыс тілдерінде) ілінген.

Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасы бойынша жаңа жолаушылар терминалының тиімді нұсқасы – қолданыстағы  терминал көлемін кеңейту жолдары қарастырылуда. Басқарма тарапынан жергілікті жобалаушы ұйымдарымен бірлесіп, әуежай терминалын кеңейтілген жобасының эскизі жасалынып, облыс әкімдігінің келісімі алынды.

Бүгінгі күні «Проект Сервис» ЖШС-мен жобалау-сметлық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, мемлкеттік сараптамаға жолданды.  

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың ІІ-жартыжылдығына жоспарланып отыр.

 

Алдағы міндеттер:

- Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайы терминалын қайта жаңғырту және кеңейту жобасын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;

  • Қызылорда қаласының әуежайынан «Аэрофлот» әуекомпаниясының мемлекетаралық Мәскеу әуерейсін ашу бойынша жұмыстар жүргізу.

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Әуе көлігі саласы

Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 23 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 11, Алматыға – 12 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Qazaq Air», «Fly Arystan» әуе компанияларымен орындалады.

2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша Әуежайдан 69,9 мың жолаушы жөнелтілді,  2020 жылдың (26,0 мың жолаушы) осы кезеңімен салыстырғанда жолаушылар ағымы 2,7 есеге артып отыр.

Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу бойынша қолданыстағы әуежай терминалын кеңейтуге жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні жобалау сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 16.06.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан №01-0308/21 оң қорытынды алынды. ЖСҚ-ға сәйкес жобаның құны - 1,7 млрд. теңгені құрайды. 

Жобаға сәйкес, терминалдың көлемі қазіргіден екі есеге, яғни шамамен
1400 шаршы метрге кеңейеді деп күтілуде.

Кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

Іске асыру мерзімі 2021 – 2022 жж.

__________________________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың ІII тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Әуе көлігі саласы

Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 23 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 11, Алматыға – 12 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Qazaq Air», «Fly Arystan» әуе компанияларымен орындалады.

2021 жылдың 9 айы бойынша Әуежайдан 103,18 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (55,0 мың жолаушы)  1,88 есеге артып отыр.

Қазіргі таңда әуежайдың қолданыстағы жолаушылар терминалын кеңейтуге жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні жобалау сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 16.06.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан №01-0308/21 оң қорытынды алынды. ЖСҚ-ға сәйкес жобаның құны -               1,7 млрд. теңгені құрайды. 

Жобаға сәйкес, терминалдың ауданы қазіргіден екі есеге, яғни шамамен 1400 шаршы метрге кеңейеді деп күтілуде.

 Кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

Іске асыру мерзімі 2021 – 2022 жж.

Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстарын бастауға инвестор қарастырылуда.

_________________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Әуе көлігі саласы

Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 26 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 10 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Qazaq Air», «Fly Arystan» әуе компанияларымен орындалады.

2021 жылдың 9 айы бойынша Әуежайдан 103,18 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (55,0 мың жолаушы)  1,88 есеге артып отыр.

Қазіргі таңда әуежайдың қолданыстағы жолаушылар терминалын кеңейтуге жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні жобалау сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 16.06.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан №01-0308/21 оң қорытынды алынды. ЖСҚ-ға сәйкес жобаның құны -               1,7 млрд. теңгені құрайды. 

Жобаға сәйкес, терминалдың ауданы қазіргіден екі есеге, яғни шамамен 1400 шаршы метрге кеңейеді деп күтілуде.

 Кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады.

Іске асыру мерзімі 2021 – 2022 жж.

Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстарын бастауға инвестор қарастырылуда.

Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы