Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Автомобиль көлігі

 

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық  13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы  30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана автобуспен (5 - халықаралық, 129 - облысаралық,   296 - ауданаралық, 339 – ауданішілік, 636 - қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2021 жылдың І тоқсаны бойынша осы маршруттарда болжаммен 13,0 млн. жолаушы тасымалданып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,7 пайызды құрап отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 164,7 млн. жкм. құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызды құрап отыр.

 Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар ауданаралық 11 маршрутта 2021 жылдың І тоқсаны бойынша 2,4 млн. теңге (жалпы демеуқаржы соммасы - 17,7 млн.теңге) демеуқаржы игерілді.

 Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күні, автовокзалдар мен автостанцияларда коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.

Әлеуметтік арақашықтық (1 метрден кем емес), бетперде режимі талапқа сай жүргізіліп, әрбір жолаушыда өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарының (бетперде) болуы қатаң қадағалануда.

Қазіргі уақытта автовокзалдарда, салондарда және ауданааралық облысішілік бағыттағы автобустардың салондарында рейс алдындағы/рейстен кейінгі дезинфекциялық өңдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Алдағы міндеттер:

- Облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына конкурс өткізу;

- Әлеуметтік мәні бар 11 ауданаралық  маршруттарды қайта зерделеп, 3 жыл мерзімге облыстық мәслихатпен бекіту жұмыстарын жүргізу;

  • 2021 жылға белгіленген түрлі деңгейдегі республикалық-командалық штабтық оқу жаттығу-жиындарында белгіленген тапсырмаларды орындау.

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Автомобиль көлігі

Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық (Ташкент)  және облысаралық  13 автобус маршруты (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа)  ұйымдастырылған.

2021 жылдың 5 айы бойынша автомобиль көлігі арқылы 25,2 млн. жолаушы тасымалданып, 2020 жылдың осы кезеңімен (90,6 млн.адам) салыстырғанда жолаушылар ағымы 27,9%-ды құрап отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты облысаралық тұрақты маршруттардың уақытша тоқтатылуы жолаушылар ағымының төменгі көрсеткіш көрсетуіне әсер етуде.

Жолаушылар мен тасымалдаушыларға Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 8 автостанса қызмет көрсетуде.

___________________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың ІII тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Автомобиль көлігі

2021 жылдың 9 айдың қорытындысымен автомобиль көлігі арқылы болжаммен 52,3 млн. жолаушы тасымалданып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (107,2 млн.адам) 48,8 %-ды құрап отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты жолаушылар ағымының төмендеуіне әсер етуде.

Анықтама:Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут.

Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және облысаралық  13 автобус маршруты (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға)  ұйымдастырылған.

Жолаушылар мен тасымалдаушыларға Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 8 автостанса қызмет көрсетуде.

________________________________________________________________________________________________________

Жолаушы тасымалы бойынша 2021 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы анықтама

Автомобиль көлігі

2021 жылдың қорытындысымен автомобиль көлігі арқылы болжаммен 82,1 млн. жолаушы тасымалданып, 2020 жылмен салыстырғанда 69,4 %-ды құрап отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты жолаушылар ағымының төмендеуіне әсер етуде.

Анықтама:Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут.

Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және облысаралық  13 автобус маршруты (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға) ұйымдастырылған.

Еліміздегі жанар-жағар май бағаларының, автокөлік құралдарының қосалқы бөлшектерінің қымбаттауына байланысты тарифті қайта қарауға ұсыныс берілді. Нәтижесінде 2021 жылғы 22 қазанында Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарының тарифтері қайта қаралып, жаңа тарифтер бекітілді (Қолданыстағы тариф 2018  жылы соңғы рет бекітілген болатын).

Жолаушылар мен тасымалдаушыларға Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 8 автостанса қызмет көрсетуде.

 

Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы