Меню

Страницы

Статья

Басқармамен 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2020 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:
1)Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығына сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №371 бұйрығына сәйкес «Сыртқы (көрнекі) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы порталы арқылы жүзеге асырылады.
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі.
2020 жыл бойынша Басқармамен «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша 37 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы берілді.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағиданың 7-қосымшасында көрсетілген құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты, 6 қызметті алушының өтініштері кері қайтарылды, 4 өтініш қанағаттандырылды.
Ал «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша өтініш түскен жоқ.
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Басқармада қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің қолжетімділігі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында стенд орнатылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 января 2021
Дата обновления
08 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы