2020 жылдың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған жұмыстардың талдау анықтамасы
2020 жылдың қорытындысымен басқармаға барлығы 127 өтініш келіп түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29% пайызға төмен (2019 жылдың қорытындысы мен барлығы 175 өтініш қаралған).
127 өтініштің 36 жеке, 86 заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген.
Қазіргі жағдайға байланысты жеке қабылдау басқарманың әлеуметтік facebook парақшасында хабарланып, 5 азаматтар жеке қабылдау ZOOM қосымшасы арқылы қосылып ауызша және жазбаша түсіндерме берілген.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша:
Жеке тұлғалардан келіп түскен 36 өтініштің 29 өтініш бойынша заңнама талаптарына сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілсе, 6 өтініш қарау реттілігімен құзырлы мемлекеттік органдарға жолданып, 1 өтініш қанағаттандырылу тәртібімен қаралған.
Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Заңды тұлғалардан келіп түскен 86 өтініштің 84-не заңға сәйкес арыз иелеріне түсіндірме беріліп, 2 өтініш құзырлы органның қарауына жолданған.
Барлық 86 өтініштің 86-і заңды тұлғалардан келіп түсті.
Жалпы түскен 86 өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 61 (71%) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 25 (29%) өтініштерімен жүгінген.
Басқарма бойынша барлық өтініш бақылауға алынып, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары беріліп тиісті жұмыстар жүргізілді.