Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2020 жылдың IV тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет
Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылы IV тоқсанына 20 685 153,4 мың теңге қаралып, төлемдер бойынша 20 508 541,5 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 99,1 пайызға орындалған. Оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 74 274,8 мың теңге бөлініп, 74 272,0 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 635 444,0 мың теңге бөлініп, 1 532 502,5 мың теңге игерілген немесе 93,7 пайыз;
003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 192 715,8 мың теңге бөлініп, 192 715,7 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 114 795,0 мың теңге бөлініп, 114 794,1 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 637 834,6 мың теңге бөлініп, 1 636 501,7 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 10 269 778,6 мың теңге бөлініп, 10 269 778,6 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
114 «Жергілікті бюджеттерден нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 783 944,1 мың теңге бөлініп, 1 783 944,1 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
028 «Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 918 685,0 мың.теңге бөлініп, 1 917 020,8 мың.теңге игерілгені немесе 99,9 пайыз
096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлкеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37 635,0 мың.тенге, бөлініп 37 635,0 мың.теңге игерілгені немесе 100 пайыз;
088 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 015 046,5 мың.тенге, бөлініп 2 944 377,0 мың.теңге игерілгені немесе 97,6 пайыз;
051 «Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 000,0 мың теңге бөлініп, 5 000,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;