Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен семинарларға кадр қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, басқармада ай сайын ақпараттық оқулар және жылына бір рет Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен құқықтық оқулар өткізіліп тұрады. Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін насихаттау мақсатында стенд ілінген. 2020 жылдың І тоқсаны бойынша басқарма қызметкерлері бойынша Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы бойынша өтініштер түскен жоқ.