Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2020 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2020 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2020 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Басқарма басшысының бұйрығымен 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевпен бекітілген «Қазақстан Республикасының «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар» жоспарының 5-тармағын орындау бағытында, 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 сұрағы бойынша 16 қыметкерден тестілеу жүргізіліп, нәтижесінде жоғарыда аталған тесттың 75 пайызын толығымен дұрыс белгілегендігін көрсетті.
Сондай-ақ, басқарманың автомобиль жолдары бөлімі «OPEN SPACE» (әйнекпен жабдықталған) форматқа көшіріліп қызметтерін атқарулыда.
Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді. Қызметшілердің жұмыс уақытындағы бөгде адамдармен ретсіз қарым-қатынаста болмау үшін келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібі белгіленіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Сонымен қатар, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасағаны үшін тікелей жауапкершілік сұралатындығы қосымша ескертілді.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.

Дата публикации
10 апреля 2020
Дата обновления
10 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы