Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА

ІІІ. Темір жол көлігі саласы.
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.
Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 10 жұп жолаушылар пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан 5 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей», № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №117/118 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан-Павлодар» және №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойыздары ұйымдастырылған.
2020 жылы әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық-Қызылорда» ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы бойынша 103,5 млн. теңге демеуқаржы игерілді.
Коронавирустың алдын алу мақсатында Вокзал шаруашылығы қызметкерлері тарапынан әрбір жолаушы ғимаратқа кірер алдында термометрия бақылауынан өткізіледі. Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, жолаушы вагондары арнайы дезинфекциялық құралдарымен өңделеді.
Бүгінгі таңда барлық көлік инфрақұрылымы нысандарының басшыларына тиісті қауіпсіздік пен алдын-алу шараларын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді және қатаң бақылауда тұр.
Алдағы міндеттер:
- Қызылорда облысындағы темір жол кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу;
- «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ның екі вагоннан құралған № 6843/6844 әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызының қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізу.


Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА

ІІІ. Темір жол көлігі саласы.
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы (Қызылорда, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам) жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.
Облыс орталығынан 6 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей», № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №91/92 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго карантин режиміне байланысты уақытша тоқтап тұр), №117/118 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» және №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойыздары ұйымдастырылған.
2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық-Қызылорда» ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасында 73,0 млн. теңге (45%) демеуқаржы игерілді.
Бүгінгі күні, жолаушыларға қызмет көрсету нысандарында – облыстағы теміржол вокзалдарында коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.
Коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында барлық темір жол вокзалдарында «ДЕО-ХЛОР» дезинфекциялық құралымен ғимаратты және адамдар жиналатын орындарды тұрақты түрде залалсыздандырылуда.
Вокзал шаруашылығы қызметкерлері тарапынан әрбір жолаушы ғимаратқа кірер алдында термометрия бақылауынан өткізіледі.
Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, жолаушы вагондары арнайы дезинфекциялық құралдарымен өңделеді.
Бүгінгі таңда барлық көлік инфрақұрылымы нысандарының басшыларына тиісті қауіпсіздік пен алдын-алу шараларын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді және қатаң бақылауда тұр.
Сондай-ақ, қашықтан жұмыс жасау уақытында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен рейстердің орындалу кезінде қажетті талаптардың сақталуын бақылау бойынша шаралар ұйымдастырылды.


Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың І- жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА

ІІІ. Темір жол көлігі саласы.
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы (Қызылорда, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам) жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.
Облыс орталығынан 6 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей», № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №91/92 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго карантин режиміне байланысты уақытша тоқтап тұр), №117/118 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» және №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойыздары ұйымдастырылған.
2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық-Қызылорда» ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасында 56,2 млн. теңге (164,9 млн.теңге-34,1%) демеуқаржы игерілді.
Бүгінгі күні, жолаушыларға қызмет көрсету нысандарында – облыстағы теміржол вокзалдарында коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.
Коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында барлық темір жол вокзалдарында «ДЕО-ХЛОР» дезинфекциялық құралымен ғимаратты және адамдар жиналатын орындарды тұрақты түрде залалсыздандырылуда.
Вокзал шаруашылығы қызметкерлері тарапынан әрбір жолаушы ғимаратқа кірер алдында термометрия бақылауынан өткізіледі.
Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, жолаушы вагондары арнайы дезинфекциялық құралдарымен өңделеді.
Бүгінгі таңда барлық көлік инфрақұрылымы нысандарының басшыларына тиісті қауіпсіздік пен алдын-алу шараларын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді және қатаң бақылауда тұр.
Сондай-ақ, қашықтан жұмыс жасау уақытында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен рейстердің орындалу кезінде қажетті талаптардың сақталуын бақылау бойынша шаралар ұйымдастырылды.

Дата публикации
08 июля 2020
Дата обновления
08 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы