Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
ІІ. Әуе көлігі саласы.
Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы 34 тұрақты рейс (жазғы мезгілде - 40 рейс) орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына –15, Алматыға – 17, Қарағанды – 2 рейс.
2020 жыл бойынша 86,3 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 81,2%-ды құрайды.
Әуежай ғимаратына сапарға шығатын жолаушылар ғана (өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар сүйемелдеушісімен) өтуде. Әуежай қызметкерлері жолаушыларды сапарға шығар алдында термометрия бақылауынан өткізеді.
Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, әуе кемесінің, автобустар мен шағын автобустардың салондары, автомобиль траптары арнайы дезинфекциялық құралымен өңделеді.
Әуежай кешенінде коронавирустық инфекцияның белгілері мен сақтық шаралары туралы ақпараттандырылған парақшалар (қазақ және орыс тілдерінде) ілінген.
Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасы бойынша жаңа жолаушылар терминалының тиімді нұсқасы – қолданыстағы терминал көлемін кеңейту жолдары қарастырылуда. Басқарма тарапынан жергілікті жобалаушы ұйымдарымен бірлесіп, әуежай терминалын кеңейтілген жобасының эскизі жасалып облыс әкімдігінің келісімі алынды.
Бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Проект Сервис» ЖШС-і мердігер мекемесімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың ІІ-жартыжылдығына жоспарланып отыр.
Алдағы міндеттер:
- Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайы терминалын қайта жаңғырту және кеңейту жобасын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Қызылорда қаласының әуежайынан «Аэрофлот» әуекомпаниясының мемлекетаралық Мәскеу және «Fly Arystan» әуекомпаниясының облысаралық Атырау, Ақтау қалаларына әуерейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізу.
Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
ІІ. Әуе көлігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.
Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы 40 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 21, Алматыға – 17, Атырау– 2 рейс.
2020 жылдың 9 айы бойынша 50,0 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,6 %-ды құрайды.
«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде іске асырылуда.
Бүгінгі күні Конкурсттық құжаттама әзірленіп, тиісті ұйымдардың қорытындысы (Азаматтық Авиация Комитетінің салалық қорытындысы, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан экономикалық қорытынды және «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС оң қорытындысы) алынуда.
«Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ-да ішкі рейстерді қайта қалпына келтіру кезінде, коронавирустық пандемияның алдын алу үшін ұшуды жүзеге асыру алгоритмдері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай әзірленді.
Әуежай ғимаратына сапарға шығатын жолаушылар ғана (өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар сүйемелдеушісімен) өтуде. Әуежай қызметкерлері жолаушыларды сапарға шығар алдында термометрия бақылауынан өткізеді.
Күту залы және «Ана мен бала» бөлмесі санитайзермен (антисептик) жабдықталған. Сонымен қатар, жолаушылар көп шоғырланатын жерлер, әуе кемесінің, автобустар мен шағын автобустардың салондары, автомобиль траптары арнайы дезинфекциялық құралымен өңделеді.
Әуежай кешенінде коронавирустық инфекцияның белгілері мен сақтық шаралары туралы ақпараттандырылған парақшалар (қазақ және орыс тілдерінде) ілінген.
Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың І- жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
ІІ. Әуе көлігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1134 қаулысымен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берілді.
Бүгінгі күні әуежайы арқылы аптасына барлығы 33 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына – 17, Алматыға – 14, Қарағандыға– 2 рейс. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап аптасына 37 рейстің орындалуы жоспарлануда.
2020 жылдың І-жартыжылдығы бойынша (болжаммен) 31,8 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,7 %-ға төмендеуі байқалады.