Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
І.Автомобиль көлігі.
Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1354 дана автобуспен (5 - халықаралық, 109 - облысаралық, 266 - ауданаралық, 335 – ауданішілік, 639 - қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2020 жыл бойынша осы маршруттарда болжаммен 124,7 млн. жолаушы тасымалданып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,0 пайызды құрап отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 2196,8 млн. жкм. құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 31,4 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар ауданаралық 11 маршрутта 2020 жылы 11,3 млн. теңге демеуқаржы игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні, автовокзалдар мен автостанцияларда коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.
Әлеуметтік арақашықтық (1 метрден кем емес), бетперде режимі талапқа сай жүргізіліп, әрбір жолаушыда өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарының (бетперде) болуы қатаң қадағалануда.
Қазіргі уақытта автовокзалдарда, салондарда және ауданааралық облысішілік бағыттағы автобустардың салондарында рейс алдындағы/рейстен кейінгі дезинфекциялық өңдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Алдағы міндеттер:
- 2021 жылы облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына конкурс өткізу;
- Әлеуметтік мәні бар 11 ауданаралық маршруттарды қайта зерделеп, 3 жыл мерзімге облыстық мәслихатпен бекіту жұмыстарын жүргізу;
- 2021 жылға белгіленген түрлі деңгейдегі республикалық-командалық штабтық оқу жаттығу-жиындарында белгіленген тапсырмаларды орындау.
Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
І. Автомобиль көлігі.
Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1333 дана автобуспен (109-облысаралық, 266-ауданаралық, 332– ауданішілік, 626-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2020 жылдың 9 айы бойынша болжаммен 117,2 млн. жолаушы тасымалданып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,0 пайызды құрап отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 2111,6 млн. жкм. құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 40,7 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар ауданаралық 11 маршрут бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 5,8 млн. теңге демеуқаржы игерілді, бұл 32,8 пайызды құрап отыр.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні, автовокзалдар мен автостанцияларда коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.
Автовокзал, автостанциялар басшыларына және жолаушы тасымалдаушыларға қызмет көрсету нысандары мен көлік құралдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік арақашықтық (1 метрден кем емес), бетперде режимі талапқа сай жүргізіліп, әрбір жолаушыда өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарының (бетперде) болуы қатаң қадағалануда.
Автовокзалдар мен автостанциялар ғимаратына кірер кезінде, қызметкерлер әрбір жолаушыларды термометрия бақылауынан өткізеді.
Жолаушыларда жеке қорғаныс құралдары болған жағдайда, автобустарға отырғызу жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тасымалдаушыларға жүк және жолаушы тасымалдаудың арнайы алгоритмдері әзірленді.
Қазіргі уақытта автовокзалдарда, салондарда және ауданааралық облысішілік бағыттағы автобустардың багаж бөлімдерінде рейс алдындағы/рейстен кейінгі дезинфекциялық өңдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша бұл іс-шараға арнайы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і тартылды.
Жолаушы тасымалы бойынша 2020 жылдың І- жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
І. Автомобиль көлігі.
Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 12 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1303 дана автобуспен (109-облысаралық, 266-ауданаралық, 292– ауданішілік, 636-қала және қаламаңы) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2020 жылдың І-жартыжылдығы бойынша 109,0 млн. жолаушы (болжам) тасымалданып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60,3 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар ауданаралық 11 маршрут бойынша 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3,5 млн. теңге демеуқаржы игерілді, бұл 19,8 пайызды құрап отыр (17,7 млн.теңге –19,8%).
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні, автовокзалдар мен автостанцияларда коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейтіліп, профилактикалық дезинфекциялық шаралар қажетті көлемде жүргізілуде.
Автовокзал, автостанциялар басшыларына және жолаушы тасымалдаушыларға қызмет көрсету нысандары мен көлік құралдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік арақашықтық (1 метрден кем емес), бетперде режимі талапқа сай жүргізіліп, әрбір жолаушыда өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарының (бетперде) болуы қатаң қадағалануда.
Автовокзалдар мен автостанциялар ғимаратына кірер кезінде, қызметкерлер әрбір жолаушыларды термометрия бақылауынан өткізеді.
Жолаушыларда жеке қорғаныс құралдары болған жағдайда, автобустарға отырғызу жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тасымалдаушыларға жүк және жолаушы тасымалдаудың арнайы алгоритмдері әзірленді.
Қазіргі уақытта автовокзалдарда, салондарда және қалааралық облысаралық бағыттағы автобустардың багаж бөлімдерінде рейс алдындағы/рейстен кейінгі дезинфекциялық өңдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша бұл іс-шараға арнайы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і тартылды.