Меню

Страницы

Статья

Автомобиль жолдары желісін дамыту жұмыстары бойынша анықтама

2020 жылы автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша атқарылған жұмыстары бойынша
АНЫҚТАМА

Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3398 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 557 км облыстық, 1825 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.
2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 19 726,6 млн теңге (РБ - 11 854,0 млн. тг.,ОБ – 7 872,6 млн. тг.). бөлінді. Осы қаражатқа ұзындығы 492 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы негізінен 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражат бөлінді. Атап айтқанда:
1) «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша - 5 246,3 млн.теңге бөлінді. Осы қаржыға ұзындығы 136 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 1 530,5 млн.теңге бөлінді (Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі көше құрылысы - 4,6 км).
3) «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша - 1 779,5 млн теңге бөлінді. (72км, 66 көше).
4) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 8 853,0 млн теңге бөлінді
5) Жергілікті бюджеттен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, елді мекендер көшелері мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізуге – 2317,3 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 30,4 км көшелер мен автомобиль жолдары жөнделді. (сол жағалаудағы магистарлды 2 көшеге-847,7 млн.тг,Келінтөбе-Қандөз жолын күрделі жөндеу-1200,4 млн.тг, ЖСҚ-38,9 млн.тг, МЖӘ (ГЧП)- 37,6 млн. тг, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға -192,7 млн. тг).
2020 жылдың қорытындысымен 19 550,0 млн. теңге немесе 99% игерілді.
Игерілмеген қаржы – 176,6 млн. теңге:
- Қызылорда қаласы Сырдария өзененінің сол жақ жағалауындағы басты көше жолының "Батыс Европа-Батыс Қытай" автотрассасымен жаңасатын жерінде көлік айырығын салу жобасының техникалық қадағалаушысы анықталмауына байланысты -100,0 млн. тг;
- «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасынан үнемделген - 70,6 млн. тг;
«Нұрлы жол» бағдарламасынан үнемделген– 6,0 млн. тг.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші жоспарлы 2020 жылы 70%-ға жеткізілді.


2020 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша
АНЫҚТАМА

Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3398 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 557 км облыстық, 1825 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.
2020 жылы облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 19 930,6 млн теңге (РБ - 11 614,8 млн. тг., ОБ - 8 315,4 млн. тг.). көлемінде қаражат бөлінді. Осы қаражатқа ұзындығы 498 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Биылғы жылы негізінен 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражат бөлініп отыр.
Атап айтқанда:
1) «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша - 5 434,6 млн.теңге бөлінді. Осы қаржыға ұзындығы 136 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 1 189,0 млн.теңге бөлінді (Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі көше құрылысы - 4,6 км).
3) «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша - 1 887,3 млн теңге бөлінді. (72 км, 66 көше).
4) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 9 602,6 млн теңге бөлінді. РБ - 6 124,0 млн. теңге, ОБ - 3 478,6 млн. теңге. (263 жоба, 255 км автомобиль жолдары мен көшелер және көпірлер күрделі және орташа жөндеуден өткізіледі. 2639 жұмыс орнын ашу жоспарланған).
5) Жергілікті бюджеттен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, елді мекендер көшелері мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізуге – 1 817,1 млн. теңге бөлінді 30,4 км көшелер мен автомобиль жолдар жөнделеді. (Сол жағалаудағы магистарлды 2 көшенің құрылысы-450 млн.тг, Келінтөбе-Қандөз жолын күрделі жөндеу-500,0 млн. тг.).
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 13,5 млрд. теңге немесе 100 % игерілді.
2020 жылдың қорытындысымен автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 69%-ға жету межеленуде.
Ағымдағы жылы Ұлттық сапа орталығымен 107 объектіге тексеру жүргізіліп, 27 кемшіліктер анықталды. Оның 19 қайта жөнделді. 8-і жөнделуде.
2020 жылы аудандық маңызы бар 14 автомобиль жолы және 3 көпір өткелі пайдалануға беру жоспарланған.
Облыстық басқармамен - 2 көпір құрылысын аяқтау жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Олар:
Қазалы ауданындағы Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы салынған көпір.
Қызылорда қаласының сол жағалауындағы Шіркейлі арнасына салынған көпір өткелі.


2020 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың І жартыжылдығына атқарылған жұмыстары бойынша
АНЫҚТАМА

Қызылорда облысы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы - 3397 км құрайды. Оның 1016 км - республикалық маңыздағы, 557 км - облыстық және 1824 км - аудандық маңыздағы жолдар (обл.ауд. жолдардың ұзын-ғы - 2381км).
2020 жылы жол желісін дамытуға 21 346 млн. теңге бөлініп, (РБ 11 794,0 млн. тг., ОБ 9 552,0 млн. тг.) 488 км автомобиль жолдары мен көшелер және 11 көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі кезде жобаларға бөлінген қаражаттар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондықтан алдағы уақытта қаражаттың жалпы көлемі өзгереді.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 41 жобаны жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 5 384,708 млн. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 133,7 км болатын облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 6 099,0 млн. теңгеге жоспарланып, 100%-ға игерілді.
2020 жылдың қорытындысымен автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 69%-ға жету межеленуде.


2020 жылы автомобиль жолдары желісін дамытудың I тоқсанына атқарылған жұмыстары бойынша
АНЫҚТАМА

Қызылорда облысы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы - 3397 км құрайды. Оның 1016 км - республикалық маңыздағы, 557 км - облыстық және 1824 км - аудандық маңыздағы жолдар (обл.ауд. жолдардың ұзын-ғы - 2381км).
2020 жылы жол желісін дамытуға 15 315,7 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 270 км автомобиль жолдары мен көшелер жөндеуден өткізу жоспарлануда
1) Республикалық бюджеттен – 6 419,97 млн. теңге бөлінді.
- 50/50 паритеті бойынша 23 жоба - 3 942,2 млн.тг;
- "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы - 1 жоба - 718,5 млн.тг;
- "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы - 44 жоба - 1 759,3 млн.тг. (90/10)
Жоспарлануда: "Жұмыспен қамту жол картасы" – 9 602,7 млн. тг;
2) Облыстық бюджеттен – 8 895,79 млн. теңге.
- 50/50 паритеті бойынша - 1 919,4 млн.тг;
- автомобиль жолдары мен көшелерге – 2 015,3 млн.тг
- ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 2 085,4 млн. тг.
-"Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы - 12 жобаға – 70,26 млн.тг. (облыстық бюджеттен 100 млн. теңгеге 32 жобаға қаржы бөлінуі қажет 10% )
- "Жұмыспен қамту жол картасы" – 2 805,43 млн. тг;
2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық үлесін 69%-ға жеткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 4 көпір құрылысын пайдалануға беру жоспарлануда.
Атап айтасақ,Қызылорда қаласы Шіркейлі арнасына көпір салу құрылысы;
Қазалы ауданында 2 көпір, (Әлсейіт учаскесіндегі көпір салу құрылысы, «Қожабахы-Бекарыстан би» а/ж бойындағы 25 км темірбетон көпірді қайта жаңарту);
Жалағаш ауданында («Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпакөл-Жанаталап-Аққыр» тас жолының көпірін Оңтүстік коллектор арқылы реконструкциялау).

Дата публикации
06 апреля 2020
Дата обновления
06 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы