«Қызылорда облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Қызылорда облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нiң қызметiнде және басқарма қызметкерлерiнiң арасында жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу мақсатында әзiрленген.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы:жолдар құрылысы және көлiк.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн адамдар iс-әрекет қағидалары:
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жұмыс жасау;
- ҚР Заңдарына сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүргiзу;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтiнiштерiн заңмен белгiленген тәртiпте, мерзiмде қарау және қажеттi шаралар қолдану;
- мемлекеттiк қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру барысында көзделмеген құжаттардың сұралуына, яғни әртүрлi төрешiлдiкке (бюрократияға) жол бермеу;
- лауазымдық өкiлеттiлiктерiн орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және дiни қауымдастықтардың қызметтерiнен тәуелсiздiк және бейтараптық таныта бiлу;
- нормативтiк құқықтық актiлерде сәйкес келмеу және әртүрлi түсiнiктемелер анықталған жағдайда, нормативтiк құқықтық актiнi дайындаған құзiреттi органға дереу хабарлау;
- мемлекеттiк қызметтiң тұтынушысы ретiндегi халықтың талаптары мен сұраныстарына бағдарлана отырып, көрсетiлетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасын арттыру үшiн әрдайым қажеттi шаралар қолдану;
- лауазымдық өкiлеттiлiктерiн орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмiрi және ар-намысын қозғайтын мәлiметтердi жария етпеу және олардан мұндай ақпарат берудi мұқтаждамау;
3.2. өз құзiретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде:
- мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiгiне жол бермеу үшiн, кез келген шаралар қабылдау.
- бақылау және өзге де шараларды жүргiзу барысында шешiм шығаруды талап еткен жағдайда, мәселелердi объективтi, заңға сәйкес шешiм қабылдау.
- мемлекеттiк қызметкердiң құзырына кiретiн шешiм шығару кезiнде, өзiмен заңда көрсетiлген мiндеттерiн орындауына қатысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтарды қабылдамау;
- өз өкiлдiктерiн берiлген құқықтары шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес атқару;
- көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша жасырындық сақтау және қызметтiк, коммерциялық сырды қамтамасыз ету;
- қызметтiк мiндеттердi атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсiз болу;
- еңбек тәртiбiн мүлтiксiз сақтау, берiлген мiндеттерiн тиiмдi пайдалану; қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалану.
3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезiнде:
- нормативтiк құқықтық актiлерге ұсыныс беру кезiнде ҚР 2016 жылғы 6 сәуiрiндегi №480-V ҚРЗ «Құқықтық актiлер туралы» заңына қатаң сүйiну;
- нормативтiк құқықтық актiлердiң өзiне және үшiншi тұлғалардың игiлiгiне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;
- белгiсiз орта тұлғалары және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.
3.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезiнде:
- мемлекет мүдделерiне шығын келтiретiн немесе мемлекеттiк органдардың жұмысына бөгет болатын және тиiмдiлiгiн түсiретiн әрекеттерге жол бермеу.
- заңмен белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын қателiктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
- iскерлiк әдеп пен ресми тәртiп ережелерiн сақтау;
- басқа мемлекеттiк қызметкерлер тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетiн қайтару бойынша шаралар қолдану;
- ұжымда, әрiптестердiң ар намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан ұстану;
- басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi және тексерiлген ақпараттар ұсыну.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар
- Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтауға;
- мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында, таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалану;
- әрiптестерiне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйлау;
- қызметтiк өкiлеттiгiн орындалуына байланысты қабылдауға сыйлықтар;
- басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейiмдемеуге және көтермелемеуге;
- кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға.