2020 жылдың ІІ тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған жұмыстардың талдау анықтамасы
2020 жылдың ІІ тоқсан қорытындысымен басқармаға барлығы 64 өтініш келіп түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5 % пайызға жоғары (2019 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы мен барлығы 52 өтініш қаралған).
64 өтініштің 18 жеке, 46 заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша:
Жеке тұлғалардан келіп түскен 18 өтініштің 18-і заңға сәйкес арыз иелеріне түсіндірме берілген.
Заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Заңды тұлғалардан келіп түскен 46 өтініштің 42-не заңға сәйкес арыз иелеріне түсіндірме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылып,3 өтініш құзырлы органның қарауына жолданған.
Барлық 46 өтініштің 46-ы заңды тұлғалардан келіп түсті.
Жалпы түскен 64 өтініштердің ауқымды бөлігінде жолаушылар тасымалы мен көлік мәселесі – 50 (78 %) автомобиль жолдарын жөндеу және құрылысын салу мәселесі - 14 (22%) өтініштерімен жүгінген.
Басқарма бойынша барлық өтініш бақылауға алынып, заңда көзделген мерзімдерде жауаптары беріліп тиісті жұмыстар жүргізілді.