2024 жылы жол желісін дамытуда атқарылған жұмыстар
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3580,5 км құрайды. Оның 1014,5 км республикалық, 555 км облыстық, 2011 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2024 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға ұзындығы 266 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 21,1 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 56,8 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 32,4 км құрайтын Қызылорда қаласының көшелері мен көпірлерінің құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы Арал және Қазалы қалаларының ұзындығы 1,2 км құрайтын көшелеріне құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде .
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласы мен аудандарға ұзындығы 67км қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде .
Облыстық бюджеттен – 7 469,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, 87,4 км құрайтын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендер көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте, Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға Республикалық бюджетке 61,1 млрд теңгенің 101 жоба ұсынылды.
2024 жылға нақтыланған 51 жобаның 17,3 млрд теңгесі қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92 %-ға жеткізу межеленген.