2023 жылдың IV тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2023 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.
Басқарма басшысының бұйрығымен 2023 жылға арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары бойынша 2023 жылдың 16 ақпан күні Басқарманың басшысының төрағалығымен ішкі еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өткізіліп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
2023 жылы 20 ақпанда Басқарма басшысының орынбасары және мемлекеттік кірістер департаментінің өкілімен өткізілетін кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңі бойынша басқарманың қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
2023 жылы 28 ақпан басқарманың басшысының төрағалығымен ішкі еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлық, әкімшілік бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы мәжіліс өткізіліп, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша қатаң ескертулер берілді.
2023 жылы 16 наурызда Қызылорда облысының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Шәкірбаевтің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен Әдеп Кодексі нормаларын қатаң сақтау, заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын-алу бағытында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
2023 жылдың 27 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі Ұсынуын» қарау жөнінде мәжіліс өткізілді.
2023 жылы 14 сәуірде Басқарма басшысының міндетін атқарушысының Б. Жұпарбековтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқарманың қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, жобалық басқару аясында 4-ші үлгілік базалық бағыт бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға белсенді қатысуда.
2023 жылы 19 мамырда Басқарманың автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде бөлімнің қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша шаралар қабылданып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар берілді.
Атқарылған шаралар «Easy project» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Осы ретте, 2023 жылы 23 мамырда Басқарманың автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасындағы ұсыныстарды орындау бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
2023 жылы 31 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің жария талқылау өткізілді.
Жария талқылауға Басқарма басшысының орынбасары Ж. Сыздықовтың төрағалығымен және бірнеше техникалық қадағалау өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Басқармаға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектісі 2023 жылы 22 мамырда «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп нәтижесінде бірнеше олқылықтар анықталып, ол бойынша жою жұмыстары атқарылды.
2023 жылы 7 қарашада Басқарманың басшысының орынбасарының төрағалығымен ішкі еңбек тәртібін сақтау, құмар ойындарға және ойын мекемелеріне баруды болдырмау мәлелері бойынша басқарманың қызметкерлердің қатысуымен мәжіліс өткізілді.
Сондай-ақ, басқарма бойынша авторлық және техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізілді.
2023 жылдың 29 маусымында облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың, көпірлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау қызметін жүзеге асырып жатқан сарапшылардың жауапкершіліктерін күшейту мақсатында Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты техникалық қадағалаушының құрылыс нысанында тұрақты негізінде болуына, атқарушылық құжаттарды тұрақты және тиісті түрде жүргізілуіне зерделеу болып табылады.
2023 жылы 23 маусымда Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовтың төрағалығымен өткен мәжілістің хаттамалық тапсырмасына сәйкес құрамында облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның және облыстық бақылау жөніндегі басқармасының өкілдері қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мақсаты Арал және Қазалы аудандарында соңғы екі жылда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу жүргізілген жолдарға зерделеу жұмыстары жүргізу. Жұмыс тобымен жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесімен бірқатар нысандардан кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша тапсырыс берушілер мен мердігерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.
2023 жылдың III тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2023 жылдың 3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.
Басқарма басшысының бұйрығымен 2023 жылға арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Басқарма жобалық басқару аясында 4-ші үлгілік базалық бағыт бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға белсенді қатысуда.
Жобалық басқарудың аясында бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында Басқарманың автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесімен, бөлімнің қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша шаралар қабылданып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, басқарма бойынша авторлық және техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізілді.
2023 жылдың 29 маусымында облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың, көпірлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау қызметін жүзеге асырып жатқан сарапшылардың жауапкершіліктерін күшейту мақсатында Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты техникалық қадағалаушының құрылыс нысанында тұрақты негізінде болуына, атқарушылық құжаттарды тұрақты және тиісті түрде жүргізілуіне зерделеу болып табылады.
2023 жылы 23 маусымда Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовтың төрағалығымен өткен мәжілістің хаттамалық тапсырмасына сәйкес құрамында облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның және облыстық бақылау жөніндегі басқармасының өкілдері қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мақсаты Арал және Қазалы аудандарында соңғы екі жылда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу жүргізілген жолдарға зерделеу жұмыстары жүргізу. Жұмыс тобымен жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесімен бірқатар нысандардан кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша тапсырыс берушілер мен мердігерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
2023 жылдың 16 және 28 ақпан күндері басқарма қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлық, әкімшілік бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы мәжіліс өткізіліп, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша қатаң ескертулер берілді.
2023 жылдың 16 наурызда Қызылорда облысының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Шәкірбаевтің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасымен Әдеп Кодексі нормаларын қатаң сақтау, заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын-алу бағытында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
2023 жылдың 22 қыркүейгінде Облыс әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері жөніндегі комиссия отырысында басқарма басшысы Ж. Сыздыков жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.
2023 жылдың II тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар туралы
20.01.2023 ж. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысымен 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіліп, қазіргі таңда жұмыстар жасалуда.
Сонымен қатар, 20.01.2023 ж. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасарының төрағалығымен және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілімен «2023 жылы өткізілетін кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңі» тақырыбы бойынша басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқыту өткізілді.
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының 24.01.2023 ж. №01-4/15 санды бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс жоспары бекітілді.
23.01.2023 ж. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының төрағалығымен ішкі еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжілісте басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлерге түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, 16.03.2023 ж. Қызылорда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен басқарманың қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтау, заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу» тақырыбы бойынша құқықтық оқыту өткзілді.
2023 жылдың I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған жұмыстар туралы