Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың IV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы және 2 қызмет көрсету пункті бар. 

Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.

2023 жылдың қорытындысымен болжам бойынша 19,2 млн. жолаушы тасымалданды.

2023 жылы Қызылорда облысындағы магистральдық темір жолдың  Аралқұм-Сапақ-Арал теңізі 23,589 м, Дірментөбе-Төретам 26 641,49 м, Коркыт-Дерментөбе 19 900,54 м   темір жол желісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1. Темір жол вокзалдары бойынша

Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан тұрады - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараты.

Анықтама:

- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;

- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;

- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.

Теміржол вокзалы қызметкерлерінің жалпы саны-38 адам.

Тміржол вокзалы тәулігіне 1500 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Жобаға «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жобаның жалпы сомасы 577 млн. теңгені құрайды.

3.09.2023 ж. ескі вокзал ғимаратын күрделі жөндеу бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Компаниясы «Интегростой» ЖШС-мен №884192/2023/1 келісім шарт жасалды.

Эскиздік жобаға сәйкес, вокзал ғимаратының сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын жөндеу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды жөндеу, суағар жүйесін жөндеу, су және кәріз жүйесі, жылу жүйесі, вокзал ғимаратының қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, Вокзал ғимараттарының ішкі бөлмелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төсеу (7 080 м2) және 10 дана (4 көзді) жарық шамдары орнатылды.

3.07.2023 ж. екінші вокзалдың ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен өткізілген конкурс қорытындысымен «Берсүгір» ЖШС-мен №867618/2023/1 келісім шарт жасалды.

Жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес сыртқы қасбетіне, шатырына, кіру/шығу есіктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1. Темір жол вагондарымен жүк тасымалы бойынша

2023 жылдың 11 айында 44012 вагон яғни 2,3 млн. тонна (орта есеппен 1 күнде 107 вагон 6784,4 тонна)(мұнай және мұнай өнімдері, қара металл сынақтары, химиялық заттар, сода, құрылыс материалдар, цемент, астық өнімдері және т.б.) жүк тиеу жұмыстарын жүргізді. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,5 % жоғары.

 

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың III тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. 

Облыс аумағынан барлығы 16 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.

№6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушы пойызы облысымыздың оңтүстік бағытындағы 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды. 2023 жылы қаңтар-тамыз айларында 14,2 мың жолаушы тасымалданды.

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Темір жол көлігі саласы

«Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс орталығынан 5 жұп жолаушы пойыздары ұйымдастырылған («Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Петропавл», «Қызылорда-Павлодар» «Қызылорда-Алматы-Семей», «Қызылорда-Түркістан»).

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін Сiздерге зор алғысымды бiлдiремiн.

Мықты денсаулық, отбастарыңызға береке - бірлік, облысымыздың игілігі жолындағы қызметтеріңізге зор табыс тілеймін!

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Темір жол көлігі саласы.

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. 

Облыс аумағынан барлығы 16 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.

№6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы