Меню

Страницы

Статья

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

 

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың IV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана автобуспен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2023 жылдың қорытындысымен болжаммен 24,1 млн. жолаушы тасымалданды.

Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) 7 маршрутта 18,5 млн. теңге субсидия игерілді.

Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.

         Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары шілде айында басталып, 2024 жылдың І-тоқсанында аяқтау көзделіп отыр.

Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7 % лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алу жоспарланған болатын.

2022 жылы 150 автобус алынып жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде. 2023 жылы 150 автобусқа тиісті құжаттар тапсырылып, бүгінгі күнге 50 дана автобус жеткізілді. Қалған 100 дана автобус 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында жектізу жоспарланып отыр.

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың III тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Автомобиль көлігі

. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана автобуспенжолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2023 жылдың 8 айдың қорытындысымен 13,2 млн. жолаушы тасымалданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,2 пайызға артып отыр.

Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 9 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Автомобиль көлігі

Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық облысішілік) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут.

Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және облысаралық  13 автобус маршруты (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға)  ұйымдастырылған.

Жолаушылар мен тасымалдаушыларға Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 9 автостанса қызмет көрсетуде.

2023 жылдың І жартыжылдығы қорытындысымен автомобиль көлігі арқылы 10,4 млн. жолаушы тасымалданып, 2022 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 33 пайызға ұлғайып отыр.

 

Қызылорда қаласының жолаушылар тасымалын жақсартып, үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустармен толықтыру бойынша да толымды жұмыстар жасалуда.

Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы 150 дана жаңа автобус алдық.

Биылғы жылы да облыс орталығының қоғамдық көлік қызметі мәселесін түбегейлі шешу мақсатында қосымша 150 дана автобус алу бағытында жұмыстар белсенді жүріп жатыр.

Облыс әкімдігінің 29.12.2014 ж. № 809 қаулысымен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес қалааралық автовокзал салуға жер учаскесі қаралған.

Осындай жолаушылар үшін игі істердің бірі бүгінгі жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет көрсететін, қаламыздың кіре беріс қақпаларының бірі -  барлық стандарт талаптарына сәйкестендірілген заманауи үлгідегі жаңа автовокзал құрылысы басталды.

Жоба құны 975 млн. теңгені құрайды.

Жолаушы тасымалы бойынша 2023 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Автомобиль көлігі.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 33 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана автобуспенжолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2023 жылдың 3 айы бойынша 4,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118,7 %-ды құрап отыр.

Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 9 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2023
Дата обновления
03 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2025
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы III тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Ақпарат
12 августа 2025
Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сервисі
Ақпарат
29 июля 2025
2025 жылдың өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы