Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2020 жылдың I тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет
Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2020 жылы I тоқсанына 987 825,3 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 987 494,8 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 99,9 пайызға орындалған. Оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 19 416,3 мың теңге бөлініп, 19 232,9 мың теңге игерілген немесе 99 пайыз;
002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 88 183,0 мың теңге бөлініп, 88 182,6 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 41 649,0 мың теңге бөлініп, 41 648,2 мың теңге игерілген немесе 99,9 пайыз;
005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 47 703,0 мың теңге бөлініп, 47 557,1 мың теңге игерілген немесе 99,6 пайыз;
025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 298 401,0 мың теңге бөлініп, 298 401,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 300 077,0 мың теңге бөлініп, 300 077,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;
114 «Жергілікті бюджеттерден нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 192 396,0 мың теңге бөлініп, 192 396,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;