2026 жылға жол инфрақұрылымын дамыту бойынша
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3525 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1944,8 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2026 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық бюджеттен барлығы 21,8 млрд. теңге бөлініп
(РБ – 2 951,9 млн. тг. ОБ – 18 834,9 млн. тг.), ұзындығы 123 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.
- «Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлығы 7 003,1 млн. теңге нақтыланды. (РБ-2 951,9 млн. тг, ОБ-4 051,2 млн. тг) ұзындығы 10,5 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
- «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында барлығы РБ-7 300,0 млн. теңге нақтыланып, ұзындығы 55 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеуден өткізілу жоспарлануда.
- «Елді мекен көшелерін салу және қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында барлығы РБ-1 490,6 млн. теңге нақтыланып,
ұзындығы 5,8 км құрайтын көшелерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізілу жоспарлануда.
- «Елді мекен көшелерін жөндеу» бағдарламасы аясында барлығы
РБ-5414,5 млн. теңге нақтыланып, ұзындығы 51,6 км құрайтын елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2025 жылдың қортындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 95%-ға жеткізілсе, 2026 жылы осы көрсеткіш үлесі 95,2%-ға жетізу межеленген.