Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі:
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығына сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жергілікті мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілмей тұрғандықтан (мемлекеттік қызметті берушіде «электрондық үкіметтің» веб-порталының каналы орнатылмаған) қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіліп келеді.
11 өтініш түсті, 7 өтініш тиісті құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылды.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
14 өтініш түсті, 4 өтініш тиісті құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылды.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №371 бұйрығына сәйкес «Сыртқы (көрнекі) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметі - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Аталған қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қаламаңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 59 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.