2025 жылдың ІI тоқсаны бойынша Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3545 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2025 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 41,2 млрд. теңге нақтыланып, ұзындығы 330 км жол құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде.
2025 жылдың қортындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіштерінің үлесі 95%-ға жеткізу жоспарланған.