2025 жылға арналған азаматтық бюджет

2025 жылға арналған азаматтық бюджет

Құрметті портал оқырмандары!

Сіздердің назарларыңызға «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Басқарма) 2025 жылға арналған бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат ұсынылады.

Басқарманың бюджеті «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешім жобасын Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің  2025 жылғы 2 ақпандағы № 38 қаулысымен бекітілді.

Көлiк және коммуникация

2025 жылға – 24 717 922,8  мың теңге;

Өңіріміздегі автомобиль жолдарына және елді-мекендер көшелеріне жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі
2025 жылы – 95 % құрайды деп жоспарлануда.

Жобалардың жалпы құны – 24 717 922,8 мың теңге. Өтпелі жобалар бойынша 2025 жылға дейін 7 334 527 мың теңге игерілген.

2025 жылы барлығы 13 жоба бойынша 7 575 886 мың теңге игеру қажет.

1) Арал ауданындағы «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» жолын күрделі жөндеу. Ұзындығы – 26 км. Құны - 2 657 653 мың теңге. 2025 жылға бөлінгені – 2 657 653,0 мың теңге. Мердігері – «Арал құрылыс» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 6 ай. Материалдар тасымалданып, 4 км ГПС төселді.

2) «Қарлан» учаскесіндегі көпірдің құрылысы. Құны – 4 257 792,0 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 758 386 мың теңге. Мердігері – «НұрлыТау ЛТД» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 12 ай. Құрылыс материалдары тасымалдануда.

3) «Жалағаш-Жосалы» жолындағы ТЖ арқылы 46км көпірді күрделі жөндеу. Құны – 1 436 719,4 мың теңге. 2025 жылға бөлінгені – 459 367 мың теңге. Мердігері – «Нұрас и К» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 8 ай. Жұмыстар басталмаған.

4) «Әйтеке би - Қазалы» жолын реконструкциялау. Құны – 1 240 621,7 мың теңге. Мердігері – «НұрлыТау ЛТД» ЖШС.Құрылыс мерзімі – 5 ай. Аяқтауға – 74 393 мың теңге қажет. Кемшіліктер бойынша 2025ж маусым айында орындалады.

5) "Әуежайға кіре беріс" жолын қайта жаңғырту. Ұзындығы – 23,5 км. Құны – 7 330 334 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 1 352 352 мың теңге. Мердігері – «Қыран» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 12 ай. Жұмыс жүруде.

6) «Шіркейлі» көпірін қайта жаңғырту. Мердігері – «Жылу-21» ЖШС. Құны – 1 041 230,0 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 914 624 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 9 ай. Жұмыс жүруде.

7) «Сыздық» көпірін қайта жаңғырту. Мердігері – «Жылу-21» ЖШС. Құны – 456 572,0 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 466 859 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 7 ай. Жұмыс жүруде.

8) «Жаңадария» көпірін қайта жаңғырту. Мердігері – «BSJ Инжиниринг» ЖШС.Құны – 998 662,0 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 979 298 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 8 ай. Жұмыс жүруде.

9) Жаңқожа батыр көшесіндегі көпір құрылысы. Мердігері – «СМК Аманат» ЖШС. Құны – 4 754 672,4 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 17 ай. Жұмыстар басталмаған.

10) «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» жолын орташа жөндеу. Ұзындығы – 10 км. Құны – 524 310,0 мың теңге. Мердігері – «Шиелі жолшы» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 5 ай. Құрылыс материалдары тасымалдануда.

11) «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» 6 км жолын қайта жаңғырту. Ұзындығы – 6 км. Мердігері – «Орда Автодор» ЖШС. Құны – 908 931,0 мың теңге. 2025 жылға бөлінгені – 92 129 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 5 ай. Құрылыс материалдары тасымалданып, ГПС төсеу жұмыстары жүргізілуде.

12) «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған»11,2 км жолын қайта жаңғырту. Ұзындығы – 11,2 км. Мердігері – «Merci KZ» ЖШС. Құны – 1 729 002,0 мың теңге. 2025 жылға бөлінгені – 175 543 мың теңге. Құрылыс мерзімі – 7 ай. Құрылыс материалдары тасымалданып жатыр.

13) «Келінтөбе-Қандөз» автожолының10 км-дегі көпірінкүрделі жөндеу. Мердігері – «Сервис НС» ЖШС. Құны – 343 926,0 мың теңге. 2025 жылы бөлінгені – 39 596 мың теңге. Жұмыстар атқарылуда.

 

Қызылорда облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасының басшысы                                                                Ж. Сыздыков

Дата публикации
23 апреля 2025