Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылдың I тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2025 жылдың I тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет

          Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2025 жылы I тоқсанына 6 973 465,0 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 5 387 548,8 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 77,2 пайызға орындалған. Оның ішінде:

         001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 38 152,2 мың теңге бөлініп, 38 067,0 мың теңге игерілген немесе 99,7 пайыз;

         002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 379 200,6 мың теңге бөлініп, 1 379 200,5 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

        003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 68 174,5 мың теңге бөлініп, 68 174,5 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

        005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 39 525,0 мың теңге бөлініп, 39 523,8 мың теңге игерілген немесе 100   пайыз;

         025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 795 660,0 мың теңге бөлініп, 795 659,5 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

         113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 917 455,9 мың теңге бөлініп 2 917 455,9 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

         114 «Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 735 297,6 мың теңге бөлініп, 149 467,5 мың теңге игерілген немесе 8,6 пайыз; Республикалық бюджеттің қаржысы түспегендіктен игерілмеген.

 

Дата публикации
09 апреля 2025