
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П. Шамұратовтың 24.01.2023 ж №01-4/15 санды "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Басқарманың автомобиль жолдары бөлімінің тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдауды жүргізу кезеңі - 2022 жылдың 12 айы, 2023 жылдың 4 айы болып белгіленді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Басқарманың ресми интернет ресурсына және әлеуметтік желісінде жарияланатын болады.