Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Қызығушылық танытқан тұлғаларға ақпарат ретінде!

 

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрі көрсетіледі. Солардың ішінде сұранысқа көп ие «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы лицензияны алу үшін, ең алдымен тіркелу сайтына (www.egov.kz, www.elіcense.kz) кіріп, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қажет.

Дата публикации
27 января 2023