Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2026 жылдың II тоқсанына бюджетінің атқарылуы жөнінде мәлімет

Басқарманың қаржыландыру жоспары бойынша 2026 жылы                                    II тоқсанына 21 092 684,2 мың теңге қаралып төлемдер бойынша 21 092 570,8 мың теңгесі игерілген немесе қаржыландыру жоспары 100 пайызға орындалған. Оның ішінде:

         001 «Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 89 520,3 мың теңге бөлініп, 89 496,3 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

         002 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 172 178,8 мың теңге бөлініп, 1 172 178,6 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

003 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 203 686,6 мың теңге бөлініп, 203 618,6 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

005 «Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеуқаржыландыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша 73 969,7 мың теңге бөлініп, 73 948,4 мың теңге игерілген немесе 100   пайыз;

         025 «Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 950 844,8 мың теңге бөлініп, 1 950 844,7 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

         113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 7 678 387,0 мың теңге бөлініп 7 678 387,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

         114 «Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 924 097,0 мың теңге бөлініп, 9 924 097,0 мың теңге игерілген немесе 100 пайыз;

Дата публикации
10 июля 2026