
Автомобиль көлігі саласы
Облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық(кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобуспенжолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2024 жылы 35,7 млн. жолаушы тасымалданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56,8%жоғарылады.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар
7 маршрутбойынша18,4 млн.теңге толық игерілді.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік)маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, қазіргі таңда өз қызметін көрсетуде.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан)қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
Жаңа маршруттарды ашу немесе қолданыстағы маршруттардың қозғалыс сызбасын өзгерту тұрғындардың қажеттілігі, жолаушылар ағыны, жол инфрақұрылымының жағдайы және қолданыстағы заңнама талаптары ескеріле отырып қарастырылады. Маршруттың санатына қарай мәселені тиісті жергілікті атқарушы орган қарайды.
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын субсидиялау халық үшін тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Субсидиялау қолданыстағы заңнамаға және белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Қызылорда облысының аумағындағы ауданаралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тиісті құзырет шегінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушылар маршруттарға заңнамада белгіленген тәртіппен тартылады және жолаушылар тасымалы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.