GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Все материалы
04 февраля 2025
САБАЛАҚ САЯЖАЙЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кент әкімі Айдын Маратұлы Сабалақ саяжайының газ желілерін жүргізуші мердігер мекемемен бірге құрылыс барысын бақылап, алдағы жұмыстарды талқылады.


Өздеріңізге белгілі, Сабалақ саяжайын газдандыру жобасы үш кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта бірінші және екінші кезең аясында саяжайға газ желілерін тарту жұмыстары қарқынды жүруде.

09 января 2025
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін кент әкімі Айдын Маратұлы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жол, көше жарығы, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгінді. Кент әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсіндірме жүргізді. Сондай-ақ, жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді.

09 января 2025
СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов жұмыс сапары барысында кентке қарасты Сабалақ саяжайында болып, тұрғындармен кездесті.
 
Кездесу барысында саяжай тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалып, алдағы жоспарлар талқыланды.
Жер қатынастары
03 декабря 2024
«ТАСБӨГЕТ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.

Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде төмендегідей 6 мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  4. Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

 «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында кент әкімінің аппаратына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштер саны 153 құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда
7,2 есеге артып отыр.

Атап айтқанда, «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 15 өтінім, «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учакскелеріне құқықтарды алу» бойынша 136 өтінім, «кент және ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» бойынша 2 өтінім келіп түсті. Оның ішінде,  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат етілген шешімдер саны 4 құраса, бас тартылғаны 11. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учакскелеріне құқықтарды алу бойынша қанағаттандырылған өтініштер саны 72, бас тартылғаны 64 құрады.

Қазіргі таңда демеуші көздері есебінен Тасбөгет кентінің Бас жоспары әзірленуде. Осыған байланысты кент бойынша арнайы кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау уақытша тоқтатылды. Алдағы уақытта
Бас жоспар бекітілгеннен кейін «ҚР Жер кодексінің 44-бабына» сәйкес,  жер учаскелерін беру арнайы кезектілікпен жүргізілетін болады.

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған және онда көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ, мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталып, онда «Egov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

 

Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшінТасбөгет кенті әкімінің аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.

04 октября 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы нормативтік актілермен танысу үшін кент әкімі аппаратының ғимаратында «Құқық кабинеті» бұрышы ашылғандығын хабарлаймыз.

21 июня 2024
САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында саяжай аумағындағы 15 көшеге жарықшамдар қойылды. Бұл мәселе саяжай тұрғындарын көптен бері мазалап келген болатын. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына оңтайлы жағдайлар жасалуда.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

20 июня 2024
КЕНТТЕГІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ

Кент әкімі Айдын Маратұлы кенттегі абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Е. Ертуғанов көшесіне барып, ондағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме басшысының айтуынша тиісті жұмыстар маусым айының соңында толық аяқталатын болады.

Сондай-ақ кент әкімі Сабалақ, Еңбек саяжайларында болып, саяжай көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстарды пысықтады.

20 июня 2024
КЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫН САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Тұрғындардың сұранысына сәйкес кенттегі бойында әлеуметтік нысандар орналасқан
6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бүгінде бұл жұмыстар З. Шүкіров, Ш. Есенов көшелерінде жалғасуда.
20 июня 2024
СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА СУ АРНАЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Суға шомылу маусымына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында су арналарына бақылау жұмыстары жүргізілді.

20 июня 2024
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

   «Қала әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» отырысы өткізілді.

   Тасбөгет кентіндегі «үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту және олар бойынша атқарылған жұмыстар туралы» кент әкімі Айдын Маратұлы тоқталып өтті.

   Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың біздің қоғамдағы алатын орны ерекше. Себебі бұл құрылым түрі де қоғамның қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Сондықтан маңызды болып саналатын бұл салаға да қолдау көрсетіліп, әрі тең әріптестік тұрғыда мемлекеттік органдар мен тұрғындардың арасын жалғайтын көпір ретінде жұмыс атқарылып келеді.

   Тасбөгет кентінде де түрлі бағытта қызмет жұмыс жасайтын нақты 7 үкіметтік емес ұйым бар. Жергілікті билікпен шынайы әріптестік жағдайында жоғарыда аталған өз ісіне берілген, талпынысы мықты, ізденісі мол қоғамдық ұйымдардың жетекшілері өз жұмыстарын нәтижелі жүргізіп отыр.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы