Мемлекеттік қызмет имиджі
Қазіргі таңда «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде штаттық бірлік бойынша 11 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы жоғары білімді. Үш мемлекеттік қызметкердің екі жоғары білімі бар.
Кент бойынша «Әдеп Кодексін», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сақтау, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға байланысты бекітілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен кент тұрғындарымен тұрақты түрде кездесу, семинар, дөңгелек үстел түрінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде насихаттық жұмыстар атқарылып отырады. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік этика ережесінің талаптарын бұзушылық орын алған жоқ.
Тасбөгет кенті әкімі аппаратының қызметшілері мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін бұзушылығы туындаған жағдайда сенім телефоны арқылы кент әкімі Тныштықбай Айдын Маратұлымен хабарласуға болады. Тел: 8 (7242) 21-69-30.