Тасбөгет кенті әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады және жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен төмендегідей Заңдарын пайдалана отырып, қызмет атқарады:
- 2020 жылғы 29 маусымдағы ҚР «Әкімшілік-Рәсімдік-Процестік» кодексі,
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы,
- Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы,
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңы,
- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480- V ҚРЗ Заңы,
- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңы,
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары),
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі),
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Бюджет кодексі»,
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер Кодексі»,
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі»,
- «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы,
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.