КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Кәсіпорынның қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Кәсіпорын қызметінің басты міндеті мәдениет саласында қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, фестиваль-конкурстарды, байқауларды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерілерінің көрмесін ұйымдастыру;
- Семинарлар, конференциялар, көрмелер, және облыстық мәдениет саласындағы даму нысандарын ұйымдастыру;
- Аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
- Мәдени-демалыс қызмет орталығы саласында ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына бағытталған әр түрлі мәдени акциялар, бағдарламалар мен инновациялық жобаларды қолдау.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті,
Ш.Есенов көшесі, № 5.
ІІ. Кәсіпорынның қызметінде, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
-«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Заңы Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы;
- «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.
НҚА зерделеу нәтижесінде оларды сәйкесіздіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тудыратын деректер анықталмады.
ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
3.1. Кадрлық құрам бойынша:
2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Кәсіпорында бекітілген құрамға сәйкес 2025 жылы 33 бірлікте 36 қызметкер жұмыс жасайды.
Кәсіпорында шығармашыл мамандар – 14, есепші – 1, техникалық қызметкерлер – 13, мамандығы сәйкес келмейтіндер - 6, сырттай оқитындар – 9.
Атап айтқанда, директор – 1 штаттық бірлікте, есепші – 1 штаттық бірлікте, нұсқаушы – 1 штаттық бірлікте, хореограф – 1 штаттық бірлікте, режиссер – 1 штаттық бірлікте, әдіскер – 2 штаттық бірлікте, үйірме жетекшісі – 3 штаттық бірлікте, музыкалық жетекші – 1 штаттық бірлікте, оператор – 1 штаттық бірлікте, инженер – 1 штаттық бірлікте, сантехник – 1 штаттық бірлікте, аула сыпырушы – 1 штаттық бірлікте, электрик – 1 штаттық бірлікте, еден жуушы – 3 штаттық бірлікте, түнгі қарауыл – 3 штаттық бірлікте. «Арман» инклюзив театрында актер – 9 штаттық бірлікте, балетмейстер – 0,5 штаттық бірлікте, жарық беруші – 0,5 штаттық бірлікте, администратор – 0,5 штаттық бірлікте, дыбыс операторы – 0,5 штаттық бірлікте.
Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған.
Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.
2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларында жалпы 8 қызметкер жұмысқа қабылданды.
Штаттан тыс қызметкерлердің саны - 0
Қоғамдық жұмыс бойынша саны – 0
Жастар тәжірибесі бойынша – 2
Лауазымы ауысқан қызметкерлер – 0
Жұмыстан босатылған қызметкерлер – 7, өз өтініші бойынша Г.Бимаханова, Н.Ибраева, О.Пазыл, Г.Сембиева, Ғ.Алиханов, Қ.Сағындықов және жастар практикасымен Г.Нұрлыбек жұмыстан босатылды.
Штатқа алынған қызметкерлер саны – 2, ішкі конкурс арқылы (еңбек.kz. сайтына хабарландыру беру арқылы) кәсіпорынның 0,5 штаттық бірліктегі кәсіпорын үйірме жетекшісі болып А.Жунусова, «Арман» инклюзивті театрының 1,0 штаттық бірліктегі актері болып А.Мейрамбекқызы қабылданды.
Бала босануына және күтіміне байланысты ақысыз демалысқа кәсіпорын жанындағы «Арман» инклюзивті театрының актері А.Тоқмаханова шықты.
Мекемеде қысқарту, зейнетке шығу болған жоқ. Бос лауазымдарға орналасуға мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлердің саны – 3 ескерту алды /үйірме жетекшілері Д.Тілеуберген, О.Пазыл, Д.Аманкелдіқызы/.
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Кәсіпорында бекітілген құрамға сәйкес 2026 жылы 33 бірлікте 35 қызметкер жұмыс жасайды.
Кәсіпорында шығармашыл мамандар – 24, есепші – 1, техникалық қызметкерлер – 10, мамандығы сәйкес келмейтіндер - 5, сырттай оқитындар – 9.
Атап айтқанда, директор – 1 штаттық бірлікте, есепші – 1 штаттық бірлікте, нұсқаушы – 1 штаттық бірлікте, хореограф – 1 штаттық бірлікте, режиссер – 1 штаттық бірлікте, әдіскер – 2 штаттық бірлікте, үйірме жетекшісі – 3 штаттық бірлікте, музыкалық жетекші – 1 штаттық бірлікте, оператор – 1 штаттық бірлікте, инженер – 1 штаттық бірлікте, сантехник – 1 штаттық бірлікте, аула сыпырушы – 1 штаттық бірлікте, электрик – 1 штаттық бірлікте, еден жуушы – 3 штаттық бірлікте, түнгі қарауыл – 3 штаттық бірлікте. «Арман» инклюзив театрында актер – 9 штаттық бірлікте, балетмейстер – 0,5 штаттық бірлікте, жарық беруші – 0,5 штаттық бірлікте, администратор – 0,5 штаттық бірлікте, дыбыс операторы – 0,5 штаттық бірлікте.
Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған.
Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.
2026 жылдың қаңтар-шілде айында жалпы 2 қызметкер жұмысқа қабылданды.
Штаттан тыс қызметкерлердің саны - 0
Қоғамдық жұмыс бойынша саны – 9
Жастар тәжірибесі бойынша – 0
Лауазымы ауысқан қызметкерлер – 0
Жұмыстан босатылған қызметкерлер – 5, өз өтініші бойынша 0,5 штат бірліктегі кәсіпорын үйірме жетекшісі Р.Сабанкулова, қоғамдық негіздегі жұмысшылар Ж.Нағашыбай, А.Жубаназарова, 0,5 штат бірліктегі сантехник Б.Кушербаев жұмыстан босатылса, қайтыс болуына байланысты 0,5 штат бірліктегі Р.Нурмагамбетовпен еңбек шарты тоқтатылды.
Штатқа алынған қызметкерлер саны – 2, ішкі конкурс арқылы (еңбек.kz. сайтына хабарландыру беру арқылы) кәсіпорынның 0,5 штаттық бірліктегі кәсіпорын режиссері болып Д.Райканқызы және 0,5 штат бірлікпен сантехник болып Б.Кушербаев қабылданды.
Бала босануына және күтіміне байланысты ақысыз демалысқа кәсіпорын еден жуушысы Ж.Досмағанбетова, үйірме жетекшісі Д.Аманкелдіқызы, «Арман» инклюзивті театрының актері А.Тоқмаханова шықты.
Мекемеде қысқарту, болған жоқ. Зейнеткерлік жасына кәсіпорынның есепшісі З.Байқазақова толып, 1 жылға еңбек шарты ұзартылды. Бос лауазымдарға орналасуға мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлердің саны – 2 ескерту алды /хореограф А.Егізбай, «Арман» инклюзивті театрының актері Д.Өмірзақ/.
3.2. Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша.
Мәдениет Үйіндегі қызметкерлердің жұмыс орнына уақытылы келгені және шыққаны туралы хабардар болуын, яғни еңбек тәртіптерін бақылау үшін әкімшілік ғимаратқа «турникет» орнату қажет етеді.
Себебі, қызметкерлердің уақытылы жұмыста болуын басшылық тарапынан қадағалауғада өз септігін тигізеді, сондай-ақ жұмыс барысымен құзырлы мекемеге барып келген уақыттарын және жұмыста белгісіз себептермен болмаған жағдайда дәлелдеме болуға негіз болады.
Бұл өз кезегінде, қызметкерлердің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйыуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алудың құралы ретінде қолданылады.
ҰСЫНЫМ:
Мәдениет Үйіндегі қызметкерлердің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйыуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алу, сондай-ақ еңбек тәртіптерін бақылау үшін әкімшілік ғимаратқа «турникет» орнату туралы «Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі» КММ-не қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдауды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Кәсіпорын директоры |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс. |
Бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025-2026 жыл бойынша Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған.
4.1. Кәсіпорынның белгілі бір қызметеріне өздерінің функционалдық міндеттеріне қоса қомплаенс-офицерінің жұмысы жүктелген. Бұл өз ретінде, кәсіпорын қызметкерінің еңбек міндеттерін орындау барысында жеке мүдделігіне туындауына әкеліп соғады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы комплаенс-офицер қызметі штаттық бірлігі қарастырылмағандықтан, мәдениет Үйінің мамандарына қосымша міндттемелер жүктелуде, осы жағдай мүдделер қақтығысын туғызуы ықтимал. Кәсіпорында комплаенс офицер қызметкеріне штаттық бірлік берілсе, ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатын алдын-алуға өз септгін тигізеді.
ҰСЫНЫМ:
«С.Майқанова атындағы мәдниет Үйі» КМҚК-на комплаенс-офицер қызметіне
1 штаттық бірлік сұрау мақсатында, «Қалалық экономика және қаржы» бөліміне ұсыным хат жолдау.
Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Кәсіпорынмен рұқсат беру функциясы жүзеге асырылмайды.
VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:
Кәсіпорынмен бақылау функцияларын жүзеге асырылмайды.
VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
2025 жылы 133594,0 мың теңге, құрап отыр.
2026 жылдың 6 айы 81266,0 мың теңге, құрады.
ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
- 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айлары – 48 шарт жасасты.
- 2026 жылыдың қаңтар-шілде айы – 38 шарт;
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Кәсіпорында 2025-2026 жылдар аралығында ақпараттық жүйе әзірленбеген және ақпараттық жүйелер «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» арқылы жүзеге асырылады.
ХІ. «С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11.1 «С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жалпы құжат айналымы:
- 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айлары жалпы құжат саны – 50 (кіріс-8, шығыс-42). Мекеме басшысы – 77 бұйрық шығарды.
- 2026 жылдың қаңтар-шілде айлары жалпы құжат саны – 130 (кіріс-28, шығыс-102,). Мекеме басшысы – 77 бұйрық шығарды.
Өтініштер бойынша:
2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларына – Е-Өтініш» порталы арқылы, 1 өтініш /1 ұсыныс/ қабылданып, қаралғаны – 1, әкімшілік рәсім тәртібімен – 1, жауап берілді – 1.
2026 жылдың қаңтар-шілде айларына – «Е-Өтініш» порталы арқылы, 4 өтініш /2 арыз, 2 басқада сұраулар/ қабылданып, арыз иесімен қайтарып алынғаны – 4.
11.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:
- 2025 жылдың сәуір-желтоқсан айларына – 1 шара, оған қамтылған көрермен саны – 50.
16 шілде күні сағат 16.00-де – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен мәдениет деңгейін жастарға насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ақпараттық үлестірме қағаздары мен блокноттар таратылып, видеороликтер көрсетілді. Кездесуге кентте орналасқан №11, 172, 176, 257 мектеп мұғалімдері, мәдениет, кент әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
- 2026 жылдың қаңтар-шілде айларына – 3 шара, оған қамтылған көрермен саны - 382.
10 наурыз күні сағат 11:00-де – С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде орналасқан №1 кітапхананың оқу залында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шара барысында заң қызметкері Байділдаев Сағындық Райымбекұлы қатысушылармен өзекті мәселелерді талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары мен заң талаптары туралы түсіндірме берді. Сонымен қатар, ол қатысушыларға қолданыстағы заңнамаларға қатысты түсіндірме беріп, өзекті сұрақтарға жауап қайтарды.
15 мамыр күні сағат 10.00-де – С.Майқанова атындағы мәдениет үйі мен Қызылорда облысының Әділет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында құқықтық кеңес беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында қойылған сұрақтарға жауап берілді.
17 шілде күні сағат 10.00-де – С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Болашақ үшін әділдік» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттаудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Талдау нәтижесінде Кәсіпорынмен қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша:
ҰСЫНЫМДАР:
1.1. Тасбөгет кенті әкімі аппараты және қалалық экономика және қаржы бөліміне: «С.Майқанова мәдениет Үйі» КМҚК-ы қызметкерлерінің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйыуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алу, сондай-ақ еңбек тәртіптерін бақылау үшін әкімшілік ғимаратқа «турникет» орнату үшін қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдауды;
1.2. «Қалалық экономика және қаржы» бөліміне және уәкілетті органдарға: «С.Майқанова мәдениет Үйі» КМҚК-на ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізу мақсатында, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды.
Комплаенс-офицері З.Сундетова
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Кәспорын директоры Т.Жанахметова
«Бекітемін»
«С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры Т.Жанахметова
______________
«31» шілде 2026 жыл
«С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәіпорын
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Кәсіпорын директоры |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР-ның өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтр қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу.Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Мәселен, кәсіпорын директорының тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Кәсіпорынның директоры лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындауы тиіс. |
Бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
«Бекітемін»
«С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры Т.Жанахметова
______________
«31» шілде 2026 жыл
«С.Майқанова атындағы мәдниет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
|
№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
С.Майқанова мәдениет Үйі ғимаратына турникет қондырғысын орнату бойынша қаржы сұрауға хат жолдау; |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Тастөгет кенті әкім аппаратына хат жолдау |
Т.Жанахметова |
1 жыл ішінде |
|
2. |
Комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Тастөгет кенті әкім аппаратына Уәкілетті органға хат жолдау |
Т.Жанахметова |
1 жыл ішінде |