ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №138 қаулысы негізінде Талсуат ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның ХАТТАМАСЫ

Талсуат ауылдық округі                                                          30 мамыр 2025  жыл

                                                                                                       сағат 10:00

 

 

Жиналыс төрағасы: Ө. Қасымов –Талсуат ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы;

Жиналыс хатшысы: Ж. Кәдірова– маман;

Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдық кеңес төрағасы, мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Талсуат ауылдық округінің тұрғындары.

Барлығы – 35 адам.

 

Күн тәртібінде:

  1. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінен алдын-ала қолдау тапқан Талсуат ауылындағы атаусыз бос көшелерге– Дүйсенбаев Пірімжан, Дөненбаев Әділбек, Нұрпейсов Саду, Ахметов Құдайберген есімдерін беруді қарау туралы.
  2. Пікір алмасу.

Тыңдалды:

      Жиналысты Талсуат ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ө. Қасымов  ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселемен таныстырды.

     Талсуат ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ө. Қасымов:- Бүгінгі жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №138 қаулы талаптарын сақтай отырып, Талсуат ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында халықтың пікірлерін ескере отырып, ауылдағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы жеке тұлғалардан келіп түскен ұсынысты төмендегідей мәлімдеді:

  • Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талсуат ауылдық округі бойынша қолдау тапқан атаусыз көшелерін – Дүйсенбаев Пірімжан, Дөненбаев Әділбек, Нұрпейсов Саду, Ахметов Құдайберген есімдерімен атау беру туралы ұсынысын айтты.

 

      Б. Қуанышбаев – Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің есімімен көшелерді атасақ келешек ұрпаққа үлгі болар еді. Ауылымызда қаншама Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері болды. Елдімекендегі көшелердің атауы ардагерлердің есімімен аталынса ризашылығымызды білдіреміз.                            

       Талсуат ауылдық округінің тұрғындары жоғарыда ұсынылған көшелердің атауы мен тұлғалардың еңбек жолдарымен танысып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат минстрлігінен алдын – ала қолдау тапқан атаусыз көшеге жаңадан атау беруге келіп түскен ұсынысты толықтай келісетіндігі туралы бір ауыздан қолдау білдіріп, шешім етті. Қарсы – жоқ, қалыс – жоқ.

 

ШЕШІМ  ЕТЕДІ:

  1. Қоғамдық кеңес жиналысына қатысқан тұрғындардың пікірін талқылай келе құрамдас бөліктерге атау беру барысында ұсынылған тұлғалар атауларына қолдау білдіре отырып, тиісті заңдылықтарға сәйкес қажетті құжаттары дайындалып, Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қарауына ұсынылсын.
  2. Осы хаттаманың орындалуы ауыл округінің әкімі міндетін атқарушы Ө. Қасымовтан сұралсын.

 

 

           Жиналыс төрағасы:                               Ө. Қасымов

 

           Жиналыс хатшысы:                               Ж. Кәдірова

Дата публикации
05 июня 2025