«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес,
Талсуат ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) атауы жоқ көшеге Пірімжан Дүйсенбаевтың есімі;
2) атауы жоқ көшеге Сәду Нұрпейісовтің есімі;
3) атауы жоқ көшеге Құдайберген Ахметовтің есімі;
4) атауы жоқ көшеге Әділбек Дөненбаевтың есімі берілсін.