Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.
Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұраұты түрде семинар- отырыстар, жиналыстар өткізілді.
Басқарманың 2018 жылғы 8 қарашадағы №220-ө бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілген.
Бұдан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес апта сайын басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер және тағы да басқа тақырыптарда лекциялар оқылып, сұрақ-жауаптар, талқылау және пікір алмасулар жүргізілді.
Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және жеке қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында «2019 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға арналған міндеттері туралы» кеңейтілген алқа мәжілісінде Басқармамен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды.
2020 жылғы 24 қаңтарда Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және оған бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық шаралар аясында облыстық қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің ЗК - 169/1 мекемесінің тергеу изоляторы жұмыстарымен танысты.
2020 жылдың 7 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің және басқарманың және оған бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері заңгерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Аталған семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланып, тиісті шараларды жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданды.
«Адалдық Алаңы» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беру мақсатында басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелерде бұрыштар ашылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің (бұдан әрі - жобалық кеңсе) 2020 жылға арналған іс -шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес «Антикор» орталығында табиғи ресурстарды облыстағы аяқ су, орман, тұрмыстық қаттық қалдықтар, жануарлар дүниесін пайдалану салалары бойынша өзекті мәселелерді қамти отырып, қоғамдық қабылдау өткізілді.
Оған қоса сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатында Республика бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттарды басқарма және басқармаға бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне (Қызылорда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, басқарма тарапынан тұрақты түрде ескертпе хаттар жолданылуда.
Бүгінгі күні басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы дерлік жалғасын тауып, басқарма және оған бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде басқарманың қатаң бақылауында болады.