Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың I тоқсанына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Табиғат қорғау шаралары бойынша

Қызылорда облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2 негізгі мақсатты индикаторлар көзделген.

1 - индикатор. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату 2019 жыл - 14 % құрады, 2020 жыл-18% жеткізу жоспарланған.

2020 жылдың І тоқсанында 29,2 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталса, оның 5,2 мың тоннасы өңделді. Қайта өңдеу үлесі 17,9 %-ды құрады.

2 - индикатор. Экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесі.

Қазіргі таңда, облыста полигон санатындағы 145 тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигоны болса, оның 5-еуі санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Пайыздық үлесі - 3,45 %. 2020 жыл- 4,12 % жеткізу көзделген.

Ағымдағы жылы мемлекеттік - жекешелік әріптестік механизмі бойынша ТҚҚ  полигонының қалдықтарды сұрыптау кешені құрылысының жұмыстары аяқталды.

Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы - 20 га. Жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталатын болады. Қосымша 40 адам жаңа жұмыспен қамтылатын болады.

2020 жылға міндеттер:

Арал қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигон құрылысын аяқтау;

Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында тұрмыстық қатты қалдықтар полигон құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу;

Тұрмыстық қатты қалдықтардың қайта өңдеу үлесін арттыру.

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
22 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы